{metadescription}
Жемқор қызметкердің басшысы қызметінен кетуге неге асықпайды?
Жемқор қызметкердің басшысы қызметінен кетуге неге асықпайды?

Жемқор қызметкердің басшысы қызметінен кетуге неге асықпайды?

Қызметкері жемқор болса да, басшысы орнын босатуға неге асықпайды? Президенттің пәрменімен тиісті заң былтыр желтоқсанда күшіне енгенімен, бүгінге дейін айыпты қызметкері үшін отставкаға кеткен бірде бір басшы жоқ.

Бүгін мұны Мемлекеттік қызмет істері агенттігіндегілер түсіндіруге тырысты. Сонымен, егер лауазым иесінің өз қызметіне кіріскеніне үш айдан аспаса, жемқорлық қылмысы 2019 жылдың 10-шы желтоқсанына дейін тіркелсе және соттың актісі болмаса, мекеме басшысы отставкаға кетпейді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгіновтың отставка туралы сөз қозғамауының себебі де осы екен. Яғни, оған тікелей бағынышты Байқоңыр ауданының әкімі сыбайлас жемқорлық айыбымен 10-шы желтоқсанға дейін ұсталған. Ал қызметкерінің жемқор екені дәлелденіп, үкімі жарияланғаннан кейін басшысы 10 күн ішінде орнын босатуға өтініш білдіруге міндетті. Онда да отставкаға кету туралы өтінішті арнайы өкілетті орган қарайды.

Айта кету керек, осыған байланысты отставкаға кеткен лауазым иелері мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге құқылы.  

Ерлан Сапаров, Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры:

- Тағайындалған күннен бастап үш ай өткеннен кейін тікелей бағыныштылар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда, оларды отставкаға беруді міндеттейтін иерархия көзделген. Отставкаға берген кезде саяси қызметшінің кінәсының болуы немесе болмауы маңызды болып табылмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде