Коронавируспен күрес: Кедей мемлекеттерге 12 миллиард доллар бөлінеді
Коронавирус тағы 8 елде тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қауіпті дерт Португалия, Сауд Арабиясы, Тунис, Марокко, Латвия, Андорра, Иордания мен Сенегалға жеткен.
04.03.2020
Осылайша Шығыс Азияда басталған індет Африка елдеріне де тарала бастады. Ал әлем бойынша 72 мемлекетте жұқпалы инфекцияға душар болғандар саны 90 мың адамнан асып кетті. Қайтыс болғандар 3 000-ға жуықтайды. Сондықтан алты құрлыққа ауыз салған ауруды ауыздықтауға ірі қаржылық ұйымдар да қолғабыс етуде. Мәселен, Дүниежүзілік банк коронавируспен күресуге 12 миллиард доллар бөлетінін мәлімдеді. Бұл қомақты қаржы қауіпті кеселге өз бетінше тойтарыс бере алмайтын кедей мемлекеттерге беріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!