{metadescription}
Алматы 39 млрд-тан қағылатын болды
Алматы 39 млрд-тан қағылатын болды

Алматы 39 млрд-тан қағылатын болды

Биыл Алматы бюджеті 39 миллиард теңгеге жуық қаржыдан қағылатын болды. Өйткені осынша салықты қазынаға құятын шағын және орта бизнес өкілдері кіріс салығынан босатылып отыр.

Қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары 2020 жылғы салықтық жеңілдіктерді кәсіпкерлерге түсіндірді. Жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгеріске сәйкес, шағын және орта бизнес өкілдері үш жылға кіріс салығынан босатылады. Сондай-ақ, биылдан бастап кәсіпкерлер онлайн бақылау кассаларын орнатуға міндетті. Оның тиімді тұсы бар. Алайда бұл жерде салық бойынша жеңілдік қарастырылса да, көбі орнатуға асығар емес. Тағы бір айта кетерлігі, жер қойнауын пайдаланушылар, акцизделінетін тауар өндірушілер, ойын бизнесі және сыртқы экономикаға қатысушылар кіріс салығынан босатылмайды.

Наталья Бусова, Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

Кіріс салығынан патентпен және декларация бойынша жұмыс істейтіндер босатылып отыр. Олар алдағы үш жылда тек табысы мен шығысы туралы есеп өткізіп отырса жеткілікті. Мемлекеттік бастама шағын бизнестің дамуына жол ашады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде