Президенттің шетелге сапарлары қысқаруы мүмкін
Коронавирус қаупіне байланысты президенттің шетелге сапарлары қысқаруы мүмкін. Ал мемлекеттік қызметкерлердің шет мемлекеттерге іс-сапарлары тоқтап тұр. Кеше ғана бас санитар дәрігер коронавирус ел аумағында тіркелуі мүмкін екенін айтып, жұртты дүрліктірген. Дегенмен бүгін қауіпті дерт белгісі табылған жоқ.
Автор: Ербол Тұрымбет
11.03.2020
Анар Жайылғанова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы:
- Коронавирусқа байланысты ешқандай мемлекеттік қызметте қазір шектеу жоқ. Құдайға шүкір, қазір бізде, Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдардың тізілімі жоқ. Әзірге шетелдердегі іс-сапарлардың бәрі тоқтап тұр.
Ал Сыртқы істер министрлігі «президент сапарларында өзгеріс болуы мүмкін бе?» деген сауалға нақты жауап бере алмады. Ал Денсаулық сақтау министрлігі берген мәлімет мынадай: 11-ші наурыздағы жағдай бойынша барлығы 3974 адам бақылауда тұр. 90 адам дене қызуымен және жұқпалы респираторлық вирус инфекциясымен емдеуге жатқызылды. Оның 52-сі шығарылған. Қалған 38 науқас стационарда жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!