{metadescription}
Карантиннен қашқандар қатаң жазаланады
Карантиннен қашқандар қатаң жазаланады

Карантиннен қашқандар қатаң жазаланады

Карантиннен қашқандарға жаза қатаң болады. Коронавирус дерті дендеген елден келіп, үй жағдайында оқшауланғандар бекітілген тәртіпті сақтамаса, айыппұл салынады. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының басшысы мәлімдеді.

Қазір қалада екі стационар мен төрт медициналық орталыққа коронавируске қатысты бірінші санаттағы елдерден келген 490 азамат орналастырылған. Екі апта оқшауланудан өткен соң, олар үйлерінде бақылауға алынады. Алматының санитарлары сақтық шараларына тұрғындардың түсіністікпен қарауын сұрайды. Адам көп жиналатын жерге бармауға, науқас адамдармен сөйлеспеуге, қол мен бетті жиі жууға шақырады. Сондай-ақ, Тілеухан Әбілдаев әлеуметтік желіде карантинде жатып, стационардағы жағдайға көңілі толмағандарға жауап берді.

Тілеухан Әбілдаев, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының басшысы:

- Біраз емдеу мекемелерін тез арада карантиндік шараларды жүргізуге бейімдедік. Жатқан жерлерінде кейбір адамдардың талабы жоғары болып жатқан шығар. Бүгінгі таңда ол жатқан адамдардың да карантин талабын ескеріп, мүмкін болатын жағдайлардың бәрін жасап жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде