{metadescription}
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мамунов тергеуге алынды
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мамунов тергеуге алынды

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мамунов тергеуге алынды

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамуновтың қамауға алынғаны ақыры расталды. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аяқтық жасады деп айыпталған шенеунікті елордада тергеп жатыр.

Ғалымбек Досанов, Ақтөбе облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл депратементі басшысының орынбасары:

- Мамунов жөнінде қылмыстық істі біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік іс қозғады. Алаяқтық фактісі бойынша. Алған ақшасы өте үлкен көлемде. Қазір ол қамалып отыр. Абақтыға екі айға қамалды.  

Оңдасын Оразалиннің орынбасары ұсталғаны туралы ақпарат екі апта бұрын тараған. Алайда Ақтөбе облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығаруға тырысқан еді. Тіпті Руслан Мамуновтың өзі әлеуметтік желі арқылы үндеу жолдап, өзін «сүттен ақ, судан тазамын» деп ақталған болатын. Тек қылмыстық іске куәгер ретінде тартылғанын мәлімдеді. Артынша сот қамауға алу туралы санкция беріп, тергеу басталған. Шенеуніктің кімді алдап кеткені және кімнен ақша алынғаны әзір жарияланбай отыр.

Айта кетелік, Руслан Мамунов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып осыдан төрт ай бұрын тағайындалған еді. Енді жаңа заңға сәйкес, айып тағылған орынбасары үшін Оңдасын Оразалин ең кемі жұмыстан өз еркімен босау туралы арыз жазуы керек. Алайда әкім де, шабармандары да әзірге үнсіз. Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері де бұл жағын зерделейміз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде