{metadescription}
Теңгенің құнсыздануына сарапшылардың болжамы
Теңгенің құнсыздануына сарапшылардың болжамы

Теңгенің құнсыздануына сарапшылардың болжамы

Бірер сағат бұрын еліміздегі бірқатар ақша айырбастау бөлімшелері доллар сатуды тоқтатты. Ал ашық тұрған пункттерде АҚШ валютасы 402-403 теңгеден бір-ақ шыққан. Осылайша теңгенің құнсыздануының тоқтайтын түрі жоқ. Бұған себеп болған мұнай бағасы да бүгін құлдырауын жалғастырды. Яғни, Brent маркалы қара алтын тағы 5 пайызға арзандап, баррелі 33,9 доллардан сатылуда. Экономика сарапшыларының алдағы болжамы қандай?

Алматыдағы кейбір ақша айырбастау орындары қазір доллар сатуды тоқтатқан. Еліміздің өзге өңірлеріндегі пункттердің де бағанасы өшірулі тұр. Ал, ашық тұрғандарында АҚШ валютасының көрсеткіші 402-403-тен бір-ақ шыққан. Өйткені қор биржасындағы ресми бағамның өзі 399 теңге 73 тиынды құрады. Теңгенің теңселуіне себеп болған мұнай да бүгін арзандауын әрі қарай жалғастырды. Яғни, бағасы 5 пайызға құлдырап, Brent-тің баррелі 33,9 доллардан сатылуда. Ал отандық экономистер: «Шын мәнінде мұнай бұдан да арзан» - дейді.

Әкімжан Арупов, экономист:

ОПЕК-ке мүше бірқатар елдер қосымша бонус беріп отыр. Яғни, «мұнайды бізден сатып алсаң, бағаны тағы 8 долларға дейін түсіреміз» деген ұсыныс жасауда. Демек шын мәнінде қазір қара алтынның баррелі 22-25 доллардан десек болады. Бұл елдерде мұнайдың өз құны барреліне 5-6 доллар екенін ескерсек, әлемдік нарықтағы қара алтын бағасы әлі де арзандай түсуі мүмкін.

Экономист Әкімжан Арупов қазіргі ахуалды 8-10 жылда бір қайталатын әлемдік экономикалық дағдарыс дейді.

Айта кетсек, бәрі Сауд Арабиясы мен Ресейдің мұнай өндіруді қысқарту бойынша мәмілеге келе алмауынан басталған. Ірі мұнай өндіруші елдердің алауыздығы қара алтынның күрт арзандауына әкелді. Қытайдан шыққан коронавирус та экономикалық дағдарыстың ушығуына түрткі болды дейді сарапшы. Себебі, осы індеттің кесірінен ақпанда Қытай мұнайды әдеттегідей 300 мың баррельге кем сатып алған. Әрине, мұның бәрі экономикасы қара алтынға байланған елдерге үлкен соққы болып отыр. Оның ішінде Қазақстан да бар. Десе де, Ұлттық банктегілер жағдайды жіті бақылауда ұстап отырғанын айтады.

Ұлттық банк жағдайдың тұрақсыздануына жол бермейді және валюта нарығына әрдайым мониторинг жасайды. Қажет болған жағдайда валюталық интервенция қайта жасалады.

«Әлемдік нарықтағы бұл жағдай ұзаққа созылатын болса, теңге бағамына Ұлттық банк те әсер ете алмай қалуы мүмкін», - дейді сарапшылар.

Әкімжан Арупов, экономист:

Менің ойымша, Бас банк валюталық интервенция жүргізу арқылы долларға қатысты теңге бағамын әзірге 410-нан асырмай, ұстап отырады. Бірақ бұл дағдарыс созылмалы болса, Ұлттық банк те қауқарсыз болып қалады. Сөйтіп валюталық нарықтағы баға еркін қалыптасатын болады. Мұның арты девальвацияға әкелуі мүмкін.

Ал жағдайдың бұдан әрі ушықпауы үшін ең алдымен ОПЕК-ке мүше елдердің үстел басында бір мәмілеге келуі тиіс екені айтпаса да түсінікті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.