{metadescription}
Алматының коронавирусқа қарсы жоспары қандай
Алматының коронавирусқа қарсы жоспары қандай

Алматының коронавирусқа қарсы жоспары қандай

Алматы билігі коронавирусқа қарсы «Б» жоспарын әзірлеп жатыр. Стратегиялық құжат ресми түрде 16-ші наурызда таныстырылмақ. Бүгін қалалық қоғамдық кеңесте қауіпті эпидемияға дайындық барысы талқыланды.

Рахман Алшанов, Алматы қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы:

- Әкімдіктің айтып отырғаны, қоғамдық кеңес бізге көмектессін, айтсын, қай жерде олқылықтар бар екенін, қай жерде байқамай қалды дегендей.

Отырыста қоғамдық кеңес мүшелері коронавирусқа қатысты қала басшылығы ескермеген кей тұстарды атап көрсетті. Мегаполис басшылығы коронавирустың алдын алуда Сеулдің тәжірибесіне сүйеніп отыр. Егер қауіпті індет тіркелсе, арнайы портал мен колл-орталық бірден іске қосылып, халықты жан-жақты құлағдар етеді. Алматы әкімдігі індетті ауыздықтауға «тас-түйін әзірміз» дейді. Ол үшін арнайы ауруханалар дайындалған. Ауру жұқтырды деп күдікке ілінгендер каратинде жататындар мен коронавирусты жұқтырғандар бір-бірінен бөлек жатқызылмақ. Жергілікті билік өкілдерінің сөзінше, дәрі-дәрмек, медициналық құралдар және білікті мамандар жеткілікті. Тек бетперде тапшы. Себебі, Қытайдан жеткізілетін шикізат таусылған. Жақында қаладан өндіріс орнын ашу жоспарда бар. Коронавирусқа байланысты Алматыдағы қоғамдық көліктерде де тазалық жұмыстары күшейтілді. Метродағы вагондардың іші-сыртын сүртіп, тазалауға күн сайын 50 минут кетеді екен. Адам нөпірі көп жерлерде сағат сайын залалсыздандыру жүргізіліп жатыр. Дәл осындай міндет троллейбус пен автобус жүргізушілеріне де жүктелген.

Назгүл Нөсербекова, троллейбус жүргізушісі:

Екі сағат сайын үзіліс болады бізде. Кейде 3 сағат сайын болады, әрқалай. Мұқият тазалап, хлоркамен, қолымызды спиртпен сүртіп, маска киіп отырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде