Семей медицина университетінің басшылығы мәлімдеме жасады
Медицина мамандығын оқып жатқан студенттерге қашықтықтан білім беруге келмейді. Бүгін Семей Медицина университетінің басшылығы осындай мәлімдеме жасады. Өйткені студенттер оқыған, тоқығандарын тәжірбие жүзінде өткізіп отыруы керек. Сондықтан олар биліктен оның ұзаққа созылып кетпеуін сұрады.
Автор: Ұлан Нұрахмет
13.03.2020
Марат Жанаспаев, Семей медицина университеті басшысының орынбасары:
- Студенттерді медицина саласында қашықтықтан оқытуға болмайды. Олар оқығанын міндетті түрде тәжірбиеден өткізуі керек. Сондықтан тығырықтан шығатын басқа жол қарастырған дұрыс.
Семей медицина университетінде 4 мыңнан астам студент білім алуда. Енді студенттер жаппай қашықтықтан білім алуы тиіс. Яғни, мұғалімдер тапсырмаларды видео жазба арқылы жолдап отырмақ. Ал студенттерге оны уақтылы орындау міндеті жүктелді. Сондай-ақ, интернеті жоқ ауылдан келген жастарға жатақханада қалуға мүмкіндік беріпті. Дегенмен білім ордасының басшылығы олардың тәжірбиеден өтпей қалатынына алаңдаулы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!