{metadescription}
Мәдени шараларға салынған тыйым шығынға батыруы мүмкін
Мәдени шараларға салынған тыйым шығынға батыруы мүмкін

Мәдени шараларға салынған тыйым шығынға батыруы мүмкін

Кино көрсету тоқтатылса, айына 5 миллиард теңге шығынға батамыз. Елімізде коронавирусқа қатысты кинотетарлардың жабылуына кәсіпкерлер осылай қарсылық білдірді. Олардың айтуынша, шығынан бөлек, осы саладан нәпақасын айырған 5 мың қызметкердің күнкөрісі қиындамақ. Ең сорақысы, нақты талаптың болмауынан әзірге дейін жабылар-жабылмасын білмей отырған кинотеатрлар көп екен.

Үкімет салған тыйымнан соң дегбірі қашқан кинотеатр қожайындарының қорқынышы басым. Өйткені барлығы әп-сәтте кино көрсетуді тоқтатса, осы сала бір айда 5 миллиард теңге шығынға батады екен. 

Бауыржан Шүкенов, кинотеатр басшысы:

- Ертеңнен бастап, жоқ бүрсікүннен бастап кинотеатрлар жабылуы керек, екі аптаға, үш аптаға, бір айға, соны білгеніміз жақсы. Себебі, өзіміздің киноиндустрия алдын ала жобалап жұмыс жасайды.

Шағымданушылардың айтуынша, нақтылық жоқтың кесірінен елдегі 90-ға жуық кинотеатр арасында есігін жабар-жаппасын білмей отырғандар көп. Ал кинотеатр иелері «жұмыс тоқтаса, 5 мың қызметкердің күнкөрісі қиындайды» дейді. Алайда бизнес өкілдеріне қолдау көрсететін кәсіпкерлер палатасы «ортақ тіл табамыз, ешкім далада қалмайды» деп сендірді.

Нариман Әбілшайықов, Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Кинотеатр қызметкерлері туралы айтар болсақ, еңбек кодексінің 112 бабында осындай жағдай болып жатқанда, біздің қызмет берушілер ең төменгі еңбек айлығымыз бар, 42 мың теңге мөлшерінде, мұны төлейтін болады.

Көрермендерін жоғалтпауға тырысқан кинотеатр қожайындары өздеріне ерекше міндет алуға дайынбыз дейді. Яғни, әр залдың жартысына ғана билет сатып, ауық-ауық түрлі залалсыздандыру шараларын жүргізбек. Алайда, елдегі қазіргі ахуал оған мүмкіндік бермейтіні ақиқат.

Айта кетейік, киносүйер қауымнан бөлек, өнердің төресі саналатын театрға ағылған көрермендер де кері қайтып жатыр. Себебі, бүгіннен бастап еліміз бойынша барлық спектакль тоқтатылған. Жауапты министрлік сатылған билеттерді қайтарып береміз дейді. Бірақ кинотеатр есігі мен сахна шымылдығы қашан ашылатыны әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде