{metadescription}
Өршіген індеттен азық-түлікке деген сұраныс артқан
Өршіген індеттен азық-түлікке деген сұраныс артқан

Өршіген індеттен азық-түлікке деген сұраныс артқан

Азық-түлік дүкендерін тауарлармен қамтамасыз етуге қосымша қаржы бөлініп жатыр. Өнімдердің бағасы төтенше жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрі айтқандай, бұған себеп те жеткілікті. Бүгіннен бастап еліміздегі азық-түлік сатумен айналысатын орындардағы қауіпсіздік шаралары қатаң бақылауға алынды. Сатушылар міндетті түрде медициналық бетперде киюі қажет. Жан-жағын дезинфекциялау да міндетті.

Мәжілістегілер коронавирустан сақтану үшін түрлі ескерту парақшаларын жапсырып, санитайзерлер ілген. Қол алыспау туралы кеңес берілсе де, бұған депуттардың көбі пысқырмады. Медициналық бетперде киіп, өзгеше амандасқандары бірең-саран. Ауыл шаруашылығы министрі де бүгін бетпердемен келіп, кейін оны шешіп тастады.

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Мәжіліске маска тағып келген едім, депутаттардың барлығы маскасыз отырғаннан кейін маған ыңғайсыз болды. Шешіп тастадым. Бірақ, портфелімде маска бар.

Қауіпті кеселден сақтанғысы келетін министр азық-түлік бағаларының шарықтамауына да қарсы тұрмақ. Президенттің өзі бүгін мұны шегелеп тапсырды. Бірақ коронавирустың кесірінен импортқа тәуелділік азайғанымен, доллар бағамы кейбір азық-түлік тауарларына әсер етеді.

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Доллардың бағасы көтерілуіне байланысты кейбір азық-түлік бағасы көтерілу керек, сырттан келіп жатқан. Бірақ енді сауда министрлігі бар, біздің министрлік, сосын жергілікті әкімдіктер бар, бағаның көтерілмеуіне қадағалау жүргізіп отырмыз.

Өршіген індеттен азық-түлікке деген сұраныс артқан. Ішкі нарықтағы тауардың 80 пайызы өзіміздікі болса да, кейбір өнімдер жетіспеушілігі сезіледі. Сол себепті елорда басшылығы ең керекті азықпен елді қамтамасыз етуге қосымша қаржы бөлген.

Ерлан Бекмырзаев, Нұр-Сұлтан қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы:

- Кем дегенде жарты жылға жететін қор бар. Ондай қобалжу байқалмайды. Азық-түлік қоры дүкен сөрелерінде жеткілікті. Бағаны тұрақтандыру мақсатында сөрелерді әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толтыру мақсатында, әкімдік тарапынан қосымша 1 миллиард теңге қаралған.

Дүкендер демекші, төтенше жағдайға байланысты азық-түлік сататын орындар, супермаркеттер, базарлар қалыпты түрде жұмыс істейді. Тек санитарлық дезинфекциялық шаралар күшейтіледі. Яғни, сатушылар медицициналық бетперде тағып, жан-жағын таза ұстауы тиіс.

Бұқараның бірінші қажеттілігі – нан. Дәл осы ас атасына да қауіпсіздік күшті. Енді нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер тек қапталған түрінде ғана сатылуы керек. Айтып өтейік, елімізде 10 миллион тоннадан астам астық сақтаулы. Оның ішінде 8 миллион тоннадайы – бидай. Бұл ішкі сұранысты толықтай қанағаттандырады екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде