{metadescription}
Жамбыл облысындағы жаппай мал өліміне кварцит өндірісінің кесірі бар ма?  
Жамбыл облысындағы жаппай мал өліміне кварцит өндірісінің кесірі бар ма?  

Жамбыл облысындағы жаппай мал өліміне кварцит өндірісінің кесірі бар ма?  

Жамбыл облысында бірнеше ауыл жұрты кварцит өндіретін кен орнының жұмыс істеуіне қарсы шығып жатыр. Ғалымдар бұл өнімнің қоршаған ортаға, адамға зияны орасан екенін айтқан. Ал тұрғындар бұған мал өлімінің жиілегені дәлел дейді. Бұқараның өре түрегелуіне негіз бар ма, көптің уәжіне аудан әкімінің айтқан жауабы қандай? Мұқым елдің мұңын тілшіміз тыңдап қайтты.

Бес жылдан бері тауда кварцит өндіретін кен орны жұмыс істеп тұр. Ал етекте бірнеше ауыл қатар жатыр. Тұрғындар: «Өндіріс іске қосылғалы, мал өлімі жиіледі» - дейді. 

Ербол Қожамбердиев, Сәлімбай ауылының тұрғыны:

- Үш жыл бұрын менің 80 бас малым өлді. Өкпесі бүрісіп, қара өкпе болып өліп қалады.

Рахманберді Қожамбердиев, Өрнек ауылының тұрғыны:

- Балық та қырылып жатыр, бір отар қой да қырылып қалған, қара өкпе болып. Қой-ешкі қырылып жатыр.  

Бұқара өлім-жітімнің көбеюін кварцит өндірісімен тікелей байланыстырады. «Экология ласталған, ал зауыттың айналасы қоршалмаған» - дейді.  

Болат Байкеев, Өрнек ауылының тұрғыны:

- Ол жерде түк жоқ. Жалғыз уатқыш тұр. Кварцитті майдалап тұрып тастаған. Тастаған жерден екі бұлақ су ағып, Сәлімбай, Шолақ қайың, Өрнек ауылына суға келіп қосылып жатыр.

Тұрғындар кварциттің адам ағзасына «орасан зияны бар» деп отыр. Мұны ғалымдар растаған көрінеді 

Кенжебай Аманқұлов, Өрнек ауылының тұрғыны:

- Кварцит деген пәленің 9 түрлі зияны бар депті.   

Мұндағы тағы бір мәселе, тас тиелген жүк көліктері ауыл маңымен өтеді. Сол ауыр машиналар жолды талқандап жатыр. Сондықтан тұрғындар техникалардың қатынауына «шектеу қойылсын» деп талап қойды. Бірақ көптің уәжі орындалмайтын тәрізді. Себебі, осы іспен айналысатын кәсіпкердің құжаты құнттай.

Теңіз Шыңтаев, кәсіпкер:

- Біздің өзіміздің жолымыз бар ғой. Өрнекке шейін келетін мемлекеттік актім бар. Ол жерде 30 шаруашылық қол қойған. Содан ауылдың ішімен өтпейміз деп, ауылдың сыртымен айналып өтеміз.

Сондай-ақ, бизнесмен кварциттің «тірі жанға зияны жоқ» дейді. Оның сөзін аудан әкімі де қуаттап отыр. Шенеуніктің айтуынша, бұл бизнестің экономикалық тиімділігі мен экологиялық зияндылығы мұқият зерделенген. Сондықтан «алаңдауға еш негіз жоқ» дейді.    

Ерболат Садырқұлов, Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі:

- Бұл жобаның экологиялық қандай зияны тиюі мүмкін деген қорытындыны экология министірлігі берген. Нақты зияны жоқ деген сөз. Қортындысы бар. Оны біз қарап шықтық.

Әкімнің сөзінше, осы даудан кейін басқа жерден жаңа жол түсіру жайы қаралған. Алайда таңдалған жол көрші ауылға жақын. Ал енді сол елді мекен жұрты бұл шешімге қарсы. Осыған қарағанда бұл тартыс одан әрі ушықпаса, жуық арада басылмайтын сыңайлы.      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.