{metadescription}
Малшының әйелін зорлап, өзін өлтіріп кетті
Малшының әйелін зорлап, өзін өлтіріп кетті

Малшының әйелін зорлап, өзін өлтіріп кетті

Алматы облысында малшының әйелін зорлап, өзін өлтіріп кетті. Қаскөйлер алыстан келмеген – марқұмның өз таныстары.    

Оқиға Жаңадәуір ауылының маңында болды. Таңсәріде мал бағып отырғандардың үйіне баса-көктеп кірген екеу ұйқылы-ояу малшыны көсеумен ұрған. Ал әйелін кезектесіп зорлапты. Онымен қоймай, ерлі-зайыптыларды далаға сүйреп, жол бойындағы құдыққа лақтырған. 57 жастағы малшы сол арада жан тапсырды. Ал әйел – аман. Жантүршігерлік қылмысқа барғандар отбасының бұрынғы таныстары боп шықты. Бір ажалдан аман қалған әйелдің айтуынша, екеуі де ішімдік ішіп алған. Осы ауылдағы шаруа қожалықтарының бірінде жалданып жұмыс істейді екен. 42 және 25 жастағы қаскөйлер көп ұзамай қамауға алынды. Полицияның мәліметіне қарағанда, екеуі де кінәсін мойындап отыр.

Зардап шегуші:

- Үйге баса-көктеп кірді. Күйеуімді өлтіріп кетті. Моральдық шығын төлесін, жазасын алсын деп талап етемін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде