{metadescription}
Мұсылмандар діни басқармасы пәтуасын жариялады
Мұсылмандар діни басқармасы пәтуасын жариялады

Мұсылмандар діни басқармасы пәтуасын жариялады

Мешіттерде жұма намазы оқылмайтын болды. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы да коронавирусқа қатысты пәтуасын жариялады. Ондағылар дендеген дерттің екпіні қатты болғандықтан, уақытша көп нәрседен бас тартуға шақырады.

Әсіресе, кеселдің кездейсоқ қақпанына түспес үшін қол беріп амандасудан тартыну жөн болар еді дейді. Елдегі мешіттерде жұма намазы оқылмайды. Дегенмен азан шақырылады. Бірақ бес уақыт намаз Алла үйінде әзірге жамағатпен оқылмайды. Сонымен қатар мешіт жанындағы асханаларда өтетін құдайы ас, садақалар уақытша тоқтатылады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы індеттің таралу қаупі жоғары болғандықтан жаназаны да тек марқұмның жақын туыстарымен өткізген дұрыс деген пәтуасын айтты.

Еркінбек Шоқай, Алматы қаласының бас имамы:

- Бұл шаралардың барлығы да, әрине, жамағаттың денсаулығын сақтайық, елдің денсаулығын сақтайық деген мақсатта. Алла тағала құран кәрімде айтады: «сендер өз қолдарыңмен өздеріңді апатқа итермелемеңдер», - дейді. Мешіттер жабылмайды. Сұрақтарымен келген және дұға жасатайық деген халыққа мешіттеріміз ашық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.