{metadescription}
Төтенше жағдайдағы несие мен салық жеңілдігі
Төтенше жағдайдағы несие мен салық жеңілдігі

Төтенше жағдайдағы несие мен салық жеңілдігі

Үкімет елдегі төтенше жағдай режиміне байланысты несие мен салық жеңілдігі қалай жүретінін жариялады. Төтенше жағдай салдарынан несиесі бойынша міндетін өтемегендер енді жауапқа тартылмайды. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер үшін несиелік берешектерін өтеу 90 күнге шегеріліп отыр. Әрі заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер бір жылға мүлік салығынан босатылады.

Коронавирус азаматтардың денсаулығына ғана емес, тұтастай елдің экономикасын әлсіретіп барады. Ел аумағында төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты бүгінде бүтіндей елдің кәсіпкерлері шектеулердің кесірінен келген шығындарын есептеуге кірісті. Ал Үкімет жағдайды оңалтуға өзінше шара қабылдап жатыр.

Үкімет отырысынан мәлім болғаны – жеке тұлғалардың тұтыну қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзім өткен кезде сыйақы есептелмейді. Сондай-ақ елдегі кәсіпкерлерге несие төлемдері 90 күнге шегерілді. Әрі қалыптасқан жағдайға байланысты қазақстандықтар өздерінің несие тарихын жақсы жағына өзгертуге мүмкіндік алмақ.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы:

- Жеке тұлғалардың кредиттік тарихын қалпына келтіруге 50%-дан астам мерзімі өткен берешекті 12 айда өтеген және міндеттемелерді кейіннен орындаған жағдайда қарыз алушыға жағымсыз кредиттік тарихты түзету мүмкіндігі көзделеді.

Елімізде төтенше жағдай енгізілгендіктен, қарыздар мен микрокредиттер бойынша жеке және заңды тұлғалардың тарапынан кешіктірулер тіркелсе, өсімақы мен айыппұлдар салынбайтын болды. Сондай-ақ, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бір жылға мүлік салығынан босатылады.

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономка министрі:

- Салықтық берешек үшін өсімпұлдардың есептелуі бір тоқсанға тоқтатылады. Сондай-ақ, салықтық есептер мен қорытындыларды тапсыру үшінші тоқсанға шегеріледі. Бұл ұсыныстардың барлығы мемлекет басшысы мақұлдаған соң, үкімет тарапынан жуық арада бекітіледі.

Агроөнеркәсіптік кешенді несиелендіруді арттырумен бірге салықтық ынталандыру да көзделіп отыр. Мәселен, Ауыл шаруашылығы министрлігі шамемен 7 мың өнім өндірушіні жер салығынан босату ұсынысын білдірген екен.

Жеке кәсіпкерлер 90 күнге несие төлеуден босатылса, қарапайым азаматтар банк алдындағы берешегін төлеуден тек бір айға босатылады екен. Ал қарызды өтемеу екінші айға ұласса, өсімпұл қосыла береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.