{metadescription}
Карантин: Елорда мен Алматыдағы жағдай. Істелінетін шаралар. Коронавирус жұқтырғандар саны
Карантин: Елорда мен Алматыдағы жағдай. Істелінетін шаралар. Коронавирус жұқтырғандар саны

Карантин: Елорда мен Алматыдағы жағдай. Істелінетін шаралар. Коронавирус жұқтырғандар саны

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына карантин енгізіледі. Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия бүгін осындай шешім шығарды. Оның себебі, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны жылдам өсіп бара жатыр. Осылайша ең ірі екі қала наурыздың 18-інен 19-ына қараған түні сағат 12-ден бастап карантин жағдайында тіршілік етеді. Қос мегаполистегі қазіргі жағдай мен карантин жағдайында қалай өмір сүреді? Коронавирус жұқтырғандар саны қаншаға жетті?

Қауіпті індетке тап болғандар саны күн сайын емес, сәт сайын артып барады. Бүгіннің өзінде Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері соңғы мәліметтерді екі қайтара жариялады. Қазір соңғы мәліметтер, яғни, түстен кейінгі жарияланған деректер бойынша, коронавирусқа шалдыққан қазақстандықтар саны 32-ге жетті. Оның 17-сі – елордада.

Түс уақытында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңадан 14 адамның анықталғанын айтқан еді. Оның төртеуі Италия мен Оңтүстік Кореядан ұшып келіп, инфекциялық бөлімге жатқызылғандар болса, біреуі – жедел респираторлық вирустық инфекция белгісімен ауруханада жатқан адам. Қалған 9-ы – қауіпті елдерден келгендермен байланысқа түскендер болып шықты.

Ал соңғы анықталған бір адам жайлы әзірге толыққанды ақпарат жоқ. Қалған 15-і – Алматыда. Осы науқастар санының күрт көбеюіне байланысты мемлекеттік комиссия 19-шы наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізу туралы шешім қабылдады. Бұған қатысты қала әкімі былай деді:

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

- Автовокзалдарда, қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынды. Елорда аумағына кіріп-шығатын жерлерде шектеу қойылады. Сонымен барлық осы кіріп-шығатын жерлерде көлік түрлеріне коронавирустық күдікті адамдар немесе жұқтырған адамдарды анықтау үшін қосымша пунктілер орнатылады.

Қаладағы 12 сауда ойын-сауық орталығында азық-түлік дүкендері, көлік жуу орындары мен дәріханалардан басқаның бәрі жабылады. Ал пәтер иелері кооперативтері үйлердің лифтілерін, кіреберістерін күніне екі рет дезинфекциялап тұруы керек. Ал енді карантинге көшетін екінші қала – Алматыда қандай шаралар атқарылады?

Осы жағдайға байланысты бірер сағат бұрын Алматы қаласының әкімі тікелей эфирде тұрғындарға үндеу жасады.

Бақытжан Сағынтаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияға қалаға карантин енгізу туралы өзі ұсыныс жасағанын жеткізді. Бұл шешімнің бүгін қабылданып, 19-ыншы наурызда күшіне енетінін тағы еске салайын.

Ең алдымен, азаматтар мен көлік құралдарының мегаполиске кіріп-шығуына шектеу қойылады. Бұл үшін қалаға кіреберіс жерлерде 27 блок-бекет орнатылмақ. Ол жерлерге патрульдік полицейлер, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық гвардия күштері жұмылдырылады. Алматылықтарды азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамту үшін де шара қолданылмақ.

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

- Қалада бірінші қажеттіліктегі тауарларды, азық-түлік өнімдерінің, дәрі-дәрмектер мен медициналық бөлімдерді жеке қорғану және гигиена құралдарын әкелуге «жасыл дәліз» жүзеге асырылады.

Карантин кезінде балабақшалардың, азық-түлік пен дәрі-дермек сатпайтын базарлар мен дүкендердің, ірі сауда орындарының жұмысы тоқтатылады. Ал бұған дейін сауда үйлері қысқартылған жұмыс кестесіне көшкен. Енді Алматыдағы көшелер мен тротуарлар жиі дезинфекцияланады. Қоғамдық орындарда, тұрғын үйлерде санитарлық-эпидемиологиялық дезинфекция күшейіп, қалаға іргелес аумақтар да тазаланады.

Мұндай шектеу – коронавирустың таралуын тоқтату. Бүкіл әлемге қауіп төндірген індет Алматыда алғаш рет 13 наурызда тіркелген. Қазір мегаполистегі коронавирус жұқтырған науқас саны 15-ке жетті.

Бүгіннен бастап еліміздің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді: Франция, Италия, Испания, Иран мен Германия ең қауіпті «1а» санатына жатқызылса, Қытай, Оңтүстік Корея мен Шенген аумағы елдері «1б» санатына кірді. Еліміздегі барлық медициналық мекемелер карантинге жабылды.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Еліміздегі бүкіл медициналық ұйымдарда және әлеуметтік медициналық ұйымдарда, интернаттарда карантин басталады. Осы карантин бойынша бұл мекемелерге тек сол мекемелерде жұмыс жасайтын азаматтар ғана кіргізіледі. Басқа кісілер кіргізілмейді. Санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтіледі. Медициналық мекемелерде фото-видео, аудио түсірілім жасауға қатаң тыйым салынады. 

Еліміздегі 32 адамнан басқа шетелде қауіпті вирусқа тап болған тағы екі отандасымыз бар. Бұған дейін Германиядағы бір дипломатымыздың да аталмыш індетке шалдыққанын айтқанбыз. Ал бүгін Мажарстан астанасы Будапештте тағы бір Қазақстан азаматы анықталды. Олар қазір тиісті ем алып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.