{metadescription}
Депутаттар 112 қызметін сынға алды 
Депутаттар 112 қызметін сынға алды 

Депутаттар 112 қызметін сынға алды 

АҚШ-тағы 911 сияқты қазақстандық бірыңғай құтқару қызметін депутаттар сынға алды. Айтып өтейік, Ішкі істер министрлігі еліміздегі жедел жәрдем, өрт сөндіру және полицияны 112 нөміріне біріктірмек. Мәжіліс төрағасы байланыс орталығын құрмақшы болғандарға шүйлігіп, «көрпені өзіне қарай тартпауға» кеңес берді.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

Бұл жерде байланыс орталығын құрудың өзектілігі мен қажеттілігі туралы айтудың керегі жоқ, оны өзіміз де білеміз. Халық ертең бұл қалай жұмыс істейді деп, оның тиімділігі туралы сұрайды. Сол кезде не деп жауап бересіздер? Мемлекеттік органдар талдау жүргізуі тиіс. Заңды қабылдау керек деп жүгіріп, өз беттеріңше шешпеңіздер, ешқайда асықпаңыздар.  

Аталмыш жобаға қатысты депутаттардың күмәні көп. Мәжілісмендер  жұрттың төтенше жағдай кезінде 112 қызметіне қоңырау шалатын мүмкіндігі болмайды деп санайды. Бүгінгі күннің өзінде бес өңірде жүзеге асқан пилоттық жобаға еш талдау жасалмаған. Ал колл-орталыққа тікелей жауапты әкімдіктер жұмысты еңсере алмауда. Шенеуніктердің жұмысына шүйліккен халық қалаулылары заңнаманың түзетілген олқы тұстарын екінші оқылымда тағы қарайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде