{metadescription}
Қырғызстанда қажылыққа барып келген үш азаматтан коронавирус анықталды
Қырғызстанда қажылыққа барып келген үш азаматтан коронавирус анықталды

Қырғызстанда қажылыққа барып келген үш азаматтан коронавирус анықталды

Көршілес Қырғызстанда алғаш рет коронавирус тіркелді. Жалал-Абад облысындағы Созақ ауданының үш тұрғыны қауіпті індет жұқтырғаны анықталды. Олардың барлығы жақында Сауд Арабиясына кіші қажылыққа барып келген.

Қырғызстанға жеткен ұшақ ішінде 135 адам болыпты. Сегіз жолаушы күдікке ілінсе, соның үшеуінен коронавирус табылған. Қазір Созақ ауданында төтенше жағдай жарияланды. Қырғыз билігі коронавирурспен күресуге қауқары жететінін айтады.

Ал әлемдегі ахуал сәт сайын ушығып барады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, соңғы бір тәулікте қатерлі індетті әлемде 11 мыңнан астам адам жұқтырып, олардың саны 200 мыңнан асқан. 156 мемлекетке тараған дерттен 8 мыңдай адам қайтыс болса, 81 мың сырқат ауруынан айыққан. Қытай науқастар саны жағынан көш бастағанымен, Еуропа елдері пандемияның ошағына айналып үлгерді. Әсіресе, Италия, Испания, Германия мен Францияның жағдайы мәз емес. Тіпті Италия аруханаларында науқастарға орын жетпей жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде