Саясаттанушылар Назарбаевтың ең ірі екі жетістігін атап өтті
Тарихи оқиғаға бір жыл! Осыдан тура бір жыл бұрын дәл осы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттілігін тоқтатқан болатын.
Автор: Ербол Тұрымбет
19.03.2020
Тұңғыш Президент Тәуелсіз Қазақстанды 27 жылдан аса басқарды. Еліміздің шекарасы бекіп, экономикасы өркендеп, жалпы мемлекет ретінде қалыптасуы Назарбаев билігінің тұсында өтті. Нұрсұлтан Әбішұлы бүгінде Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы және «Нұр Отан» партиясының төрағасы. Елбасының тосын шешімі барша жұртты қатты алаңдатса да оның уақтылы шешім болғанын саясаттанушылар айтып отыр. Әсіресе, Назарбаевтың ең ірі екі жетістігін ерекше атап өтеді.
Радик Темірғалиев, саясаттанушы:
- Біріншісі, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында не болғанын жақсы білеміз. Әскери күш араласып, ел тағдыры әрі-сәрі күйде тұрғанда салқынқандылық танытып, бүгінгідей күшті мемлекет құра алды. Екіншісі, сыртқы саясатты да жақсы қалыптастырды. Қазір кез келген елмен, көрші мемлекеттер болсын, тату-тәттіміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!