{metadescription}
Тоқаев мемлекеттік орган өкілдерінің дайындығына оң баға берді
Тоқаев мемлекеттік орган өкілдерінің дайындығына оң баға берді

Тоқаев мемлекеттік орган өкілдерінің дайындығына оң баға берді

Әлемдегі аса қолайсыз жағдайда экономиканы басқарудың жаңа әдістерін әзірлеу қажет. Жібек жолы ауылы маңына қойылған бақылау-өткізу бекетіне барған президент Үкімет басшысына осындай тапсырма берді. Бекетте әскери қызметшілермен кездескен ол карантин енгізудің себептерін түсіндірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазіргі жағдайда карантин енгізбесе болмайды. Әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Мұндай кезде нақты әрекет жасап, ұйымшылдық таныту керек. Сондықтан карантин енгізу сияқты тәсілдерді қолдануға тура келеді. Азаматтарымыз қабылданған шараларға түсіністікпен қарайды деп ойлаймын. Мұның бәрі халқымыздың денсаулығын сақтау үшін істеліп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкімінің, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Қорғаныс министрлерінің коронавирус індетіне қарсы күресуге қабылдаған шаралары жайындағы есептерін тыңдады. Еліміздегі медицина қызметкерлерінің пандемияға қарсы күрестегі ауыр еңбегін атап, оларға жалақылары мен сыйақыларын уақытылы әрі толық көлемде берудің маңызды екенін айтты. Президент карантин режимін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган өкілдерінің дайындығына оң баға берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде