{metadescription}
Коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы қалай?
Коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы қалай?

Коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы қалай?

Араласамын деп, ауру жұқтырды! Елімізде коронавирусқа шалдыққан науқас саны 44-ке жетті. Бұл қатарға бүгін қосылған 8 адам да бұрын індет анықталған науқастармен байланыста болған. Олардың жетеуі – Нұр-Сұлтан қаласында, біреуі – Алматыда. Науқастардың қазіргі жағдайы қалай?

Еліміздегі коронавирус жұқтырған адамдарға қатысты статистика күн сайын өзгеруде. Бүгін олардың саны бірден 8 адамға көбейді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оның 7-уі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Олар 25-52 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары. Бәрі де бұған дейін коронавирус анықталған науқастармен байланыста болған.

Диас Ахметшәріп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

Барлығы бұрын ауырған адамдармен тікелей байланыста болған. Қазір олар стационарда, карантинде жатыр, емделіп жатыр. Жағдайлары жақсы.

Бүгін вируспен тіркелген тағы бір адам – Алматыда. Ол 37 жастағы Ресей азаматы. Науқас 12-ші наурызда Краснодар-Мәскеу-Алматы бағытымен ұшып келген. Бірақ ол да вирусты сырттан әкелмеген. Яғни осындағы індетке шалдыққан адаммен байланыста болып, өзі де аурухана төсегінен бір-ақ шығыпты.

Тілеухан Әбілдаев, Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:

Бұл науқас Мәскеу-Алматы бағытымен бұған дейін ұшып келген инфекция жұқтырған адаммен байланыста болған. Осы науқаспен байланыста болған адамдарды іздеу нәтижелері бойынша науқс табылған болатын. 17 наурызда ол карантинге алынып, талдаулар жасалды. 19 наурызда оң нәтижемен жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды.

Енді Ресей азаматы індеттен айыққанша ем қабылдайды. Қазір Алматыдағы коронавируске шалдыққан 16 адам жұқпалы аурулар ауруханасында, ал екі бала мен біреуінің анасы балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Дәрігерлер науқастардың бірінің жағдайы өкпесінің созылмалы-обструктивті ауруының болуына байланысты нашарлап кеткенін мәлімдеді. 

Ал мегаполистегі коронавирустан емделіп жатқан өзге адамдардың денсаулығы жақсы. Осымен еліміздегі індетпен тіркелгендердің жалпы саны 44-ке жетті. 25 адам Нұр-Сұлтан қаласында, ал 19-ы – Алматыда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде