Жатақхана мен шипажайлар карантиндік нысанға айналады
Жатақхана мен шипажайлар карантиндік нысанға айналады. Алматыда коронавируске қатысты адамдарды оқшаулау үшін қосымша 3700 орын дайындалып жатыр. Оның арасында қаладағы ең ірі үш көпсалалы аурухана бар.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
19.03.2020
Медициналық орталықтарға жұқпалы індет дендеген бірінші санаттағы елдерден келген азаматтар орналастырылып жатыр. Мәселен, Алматы қалалық Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына қауіпті кесел жұқтырғандармен байланыста болғандар жатқызылады. Алдағы күндері қалада тағы 440 орындық провизорлық орталық ашылмақ. Ал осы ауруханаларда басқа аурумен емделіп жатқан науқастар өзге клиникаларға жіберілді. Сондай-ақ, карантинге арналған 4 жоғарғы оқу орнының жатақханасы мен 4 шипажайдан 3282 орын дайындалуда.
Қазір Алматыда 608 адам карантинде жатса, екі апталық оқшауланудан өткен 730 азамат үйлерінде бақылауға алынған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!