Алматының қақпасы карантинде жатқан өзге аймақ жұртына айқара ашық
Оқшауланған Алматының қақпасы карантинде жатқан өзге аймақ жұртына айқара ашық болады. Яғни, 14 күн бойы бақылауда болған жандардың бойынан қауіпті сырқаттың белгілері анықталмаса, олар бекеттерден еш кедіргісіз өтіп, үйіне оралады.
Автор: Руслан Әбдіхалық
19.03.2020
Бұған дейін алып қала тас түйін бекінсе, карантинде жатқан Жамбыл мен Түркістан сынды көрші өңір тұрғындары «жабық қалада қамауда қаламыз ба?» деп алаңдаушылық білдірген еді. Бүгін шенеуніктер үрейленуге еш негіз жоқ екенін айтты.
Тілеухан Әбілдаев, Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Тексеру мерзімінің соңғы күндерінде карантиндегі тұрғындардан тағы сынама алынады. Егер бойынан вирус анықталмаса, үйіне қайтарамыз. Ал көрші облыс тұрғындарының мәселесі жеке-жеке қаралады. Ол аймақ штабы деңгейінде шешіледі. Мүмкін оларды үйлеріне жіберуге рұқсат ететін шығармыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!