{metadescription}
0:000:00
Өскемен іргесіндегі тұрғындар қол жуатын су таппай жүр

Өскемен іргесіндегі тұрғындар қол жуатын су таппай жүр

Өскемен іргесіндегі ауыл тұрғындарының тең жарымы күн сайын үдеп бара жатқан коронавирусқа қарсы тұра алмаймыз ба деп алаңдаулы. Себебі, олар қарапайым тазалық үшін жуынатын судың өзі дер уағында келмейді, болғанның өзінде «таза емес» дейді. Бұқара бұған бей-жай қараған билік өкілдеріне наразы. Ал атқамінерлер бұл өзекті мәселені жуырда шешеміз деп жайбарақат отыр.

«Тазалық сақта, ешқайда шықпай үйде отыр». Қазір қауіпті вирустан қорғану үшін ел тұрғындарына осындай ескертпе айтылуда. Алайда Өскемен іргесіндегі ауыл жұртына бұл қағиданы ұстануға еш мүмкіндік жоқ. Себебі, олар ішпек түгілі, қол жуатын су таппай жүр.  

Роза Оразымбетова, Белоусов ауылының тұрғыны:

- Не әжетханаға дұрыстап бара алмаймыз. Не бетімізді дұрыстап жуа алмаймыз. Бала-шағамыз қол жуа алмайды. Не тамақ пісіре алмаймыз. Міне, қанша баклажкаға су аламыз.

Белоусов ауылындағы екі қабатты 37 пәтерлі үй мен соның төңірегіндегі оннан аса баспананың жағдайы бір. Мұнда су уақытпен келеді. Яғни, таңғы бес пен кешкі тоғызда екі мәрте қосылады. Тұрғындар оның өзі таза емес, сағаттап тұндыруға тура келеді дейді.

Людмила Архипова, Белоусов ауылының тұрғыны:

Су өте лас, лай боп ағады. Ең құрығанда киімді де жуа алмай қиналамыз. Кішкентай балаларға да қиын. Қоқым араласқан суға оларды қалай шомылдырамыз? Мына судан біз вирустан қорғанбақ түгіл, басқа ауру жұқтырып тынатын шығармыз.

Елді мекенде таза тіршілік нәрі қасқалдақтың қанындай қат. Жұрттың бәрі ауыз суды құтыға құйып амалдайды. Өздері оның тазалығына да күмән келтіреді. Сондықтан биліктен сапасын тексеріп беруді сұрайды. Ал шененуіктер судың лайлануы құбырлардың ескіруінен дейді. Сондықтан тіршілік нәрін қолданбас бұрын, лай таусылғанша кранды ағызып қоюға кеңес береді.  

Алексей Овчаров, Белоусов ауылының әкімі:

- 50 жыл бұрын тартылған құбырлар жиі жарылады. Қазір мүлдем жарамсыз жағдайда десе болады. Ал 2013 жылдан бері жаңа құбыр жүргізу ісі қолға алынған. Қазігі уақытта жаңа су жүйесін қолдануға болады. Бірақ біз оны сәуір, мамыр айында іске қосамыз ба деп жоспарлап отырмыз.

Әдетте шенділердің көбі уәде беруге әуес. Бұл атқамінер де ел алдында ант су ішті. «Бұйырса, екі ай көлемінде ауылда мөп-мөлдір таза су болады», - дейді. Ал оған дейін жұртқа үміт отын өшірмей, амалдауға тура келеді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.