{metadescription}
0:000:00
Кептерлер неден қырылды? Подъезге бес сағатқа дейін шықпа

Кептерлер неден қырылды? Подъезге бес сағатқа дейін шықпа

Алматылықтардың назарына! Залалсыздандырылған подъезге 5 сағатқа дейін шықпаңыз. Дезинфекторлар тұрғындардың қауіпсіздігі үшін өз пәтерінде қалуына кеңес береді. Соңғы бір тәулікте мегаполистегі 9 мыңға жуық көпқабатты үйдің кіреберісі залалсыздандырылған.

Жандос Қайырханов, Алматы қалалық тұрғын үй инспекциясының бөлім басшысы:

Бригадалар әрбір үйде ауызша хабарландыру жасайды. Халыққа үйде дезинфекция жұмыстары атқарылуы жөнінде хабарлап жатыр. Подъездерде артық заттар болмауы тиіс. Дезинфекция біткеннен кейін 5 сағат үйден шықпау туралы хабарландыру жүргізілуде.  

Шаһардағы подъездер аптасына екі рет өңделмек. Жұмыс кестесі үйлердің кіреберісіне ілінеді. Мамандар жалпы саны 24 мың подъезді залалсыздандыруды жоспарлап отыр. Коронавирусқа байланысты мегаполистегі тас жолдар күніне екі рет жуылуда. Оған су тасып, тротуар жуатын 144 көлік пен мыңға жуық жұмысшы тартылған. Тағы қосымша 100-ден астам адам көше бойындағы қоқыс жәшіктері, орындықтар мен аялдамаларды дезинфекциялаумен айналысуда.

Өңдеу шараларына Алматы гарнизонының күштері де тартылды. Олар қаладағы 7 ірі базарда және карантиндік бақылаудағы 13 медициналық ұйымға санитарлық өңдеу жүргізеді. Қаладағы саябақтар да түгел тазаланып жатыр.

Мамандар дезинфекциялайтын дәрілік заттардың құстар мен жәндіктерге еш зияны жоғын айтады. Алайда кеше әлеуметтік желіде 28 Панфиловшылар саябағындағы кептерлердің өлексесі түсірілген видео тарап, жұрт мұны осы дезинфекциямен байланыстырған еді. Жалпы мұнда 30 құс қырылған. Алайда жауаптылар бұған өңдеу шараларының еш қатысы жоғына сенімді. Олар бұл жағдайға саябақтағы мұз алаңын бұзу кезінде бөлінген химиялық зат себеп дейді. Дегенмен мән-жайды анықтау үшін құстардың өлексесі зертханаға жіберілген.

Аркен Ахметов, «Green land» ЖШС бас инженері:

Мына жерде қыстың күні мұз алаңы болған. Соның қазір бәрін алып кетті. Мұзды еріту үшін химия қосқан, құбырларға. Құбырды шешкенде, сол фреоннан кептерлер су ішуі мүмкін. Мұз суға қосылып еріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.