Ақтөбеде екі педофил 23 және 10 жылға сотталды
Ақтөбеде екі педофилге бір күнде үкім шығарылды. 22 жастағы тәлімгер былтыр жазда демалуға келген жеткіншектерге азғындық жасаған. Ал қаладағы дәмхананың бірінің аспазы үш ай бұрын тоғыз жасар қызды зорлаған еді. Енді осы айуандығы үшін 23 жыл бойы түрмеде отыруы тиіс.
Автор: Жаңалық Ахаш
27.03.2020
Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі жетекшісі:
- Санжар Құрманов көрінеу жас бала жәбірленушінің дәрменсіздігін пайдаланып, оған күш қолданып зорлағаны және сексуалдық сипаттағы зорлық іс-әрекеттер жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сотпен 23 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғаннан жәбірленушінің пайдасына 5 млн теңге моральдық зиян өндірілді.
COVID-19 дертіне байланысты сот процесінің барлығына сырттан ешкім кіргізілмейді. Педофилдерге қатысты үкімді сотталушылардың өздері абақтыдан тыңдаған. 21 жастағы Санжар Құрманов осыдан үш ай бұрын тоғыз жасар қызды зорлаған соң бір апта бойы қашып жүрген еді. Ол бүлдіршінді мектептен бастап аңдып үйіне дейін келген. Оқушыдан алғашқыда есік қағып телефонын қуаттап алуға пәтерге кіргізуін сұрапты. Ашпаған соң, екінші қайтара келіп, дәретханаға жіберуін өтінген көрінеді. Одан соң қызды буындырып ойына келгенін істеген. Оқушыны қансырап есінен танған күйінде түскі асқа келген әкесі тауып алады. Енді осы айуандығы үшін 23 жыл түрмеде отырады. Ал былтыр жазда лагерьде жеткіншектерге азғындық жасаған тәлімгер Әліби Өтепберген 10 жылға бас бостандығынан айрылды. 22 жастағы жігіт ұлдардың ұятты жерінен ұстап, тиіскен көрінеді.
Дыбысты көрініс (31 шілде, 2019):
- Ол бізбен бірге душқа кіріп, өзінің мүшесін көрсетті. Басқалардың мүшесін ұстады. Түнде ұйықтап жатқанда келеді де, басқа балалардың төмен жерін қысады. Сосын олар оянып кетеді. Ол бізді боқтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!