{metadescription}
Қордай қақтығысында болған 25 азамат ұсталды
Қордай қақтығысында болған 25 азамат ұсталды

Қордай қақтығысында болған 25 азамат ұсталды

Қордайдағы қақтығысқа қатысы барлар қолға түсті. Бас прокуратура Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысында арнайы операция өткенін мәлімдеді.

Осылайша, жаппай тәртіпсіздіктің ортасында болған, белсенділік танытқан 25 азамат ұсталған. Олардың жетеуі осыған дейін де сотталғаны анықталды. Бұл іс бойынша тергеу әлі күнге дейін жүріп жатыр.

Ақпанның жетісінде Қордай ауданының Масаншы ауылында жергілікті тұрғындардың арасында төбелес болып, ушыққан жалжалға 300 ден астам адам қатысқан болатын. Оның жалыны көрші Ауқатты ауылын да шарпып өтті. Өкінішке қарай, 11 адам мерт болды. Одан бөлек тұрғын үйлер мен сауда орталықтары, көліктер бүлініп ауылға едәуір зақым келді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.