{metadescription}
Ақтөбеде карантин тәртібін бұзған блогер үш тәулікке қамалды
Ақтөбеде карантин тәртібін бұзған блогер үш тәулікке қамалды

Ақтөбеде карантин тәртібін бұзған блогер үш тәулікке қамалды

Ақтөбеде елді дүрліктірген блогер қамауға алынды. Ләйлә Исламова әлеуметтік желі арқылы карантин тәртібін бұзып, қала аралап қыдырып жүргенін жариялаған.

Мұны оқығандар «вирус таратып жүр ме?» деген үрейде болған. Кейбірі шара қолдану туралы құзырлы органдарға арызданыпты. Ең қызығы, елді дүрліктерген блогер ешқандай карантинге алынбаған. Бірақ екі ай бұрын шетелде болғаны рас. Енді Ләйлә Исламова тәртіп бұзуға итермелейтін қылығы үшін үш күн абақтыда отырып шығады. Осылайша тәртіп сақшылары оны оқшаулауды жөн деп шешкен.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 27-i наурызда мамандандырылған әкімшілік сотымен ол үш тәулікке қамауға алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде