{metadescription}
«Біргеміз» қорынан жұмсалған әр тиынға есеп беріледі
«Біргеміз» қорынан жұмсалған әр тиынға есеп беріледі

«Біргеміз» қорынан жұмсалған әр тиынға есеп беріледі

Судың да сұрауы бар. «Біргеміз» қоғамдық қорынан жұмсалған әрбір қаржының түбіртегі сақталып, барлық шығыны туралы есеп беріледі.

Ақпарат министрі Дәурен Абаевтың сөзінше, «Біргеміз» қорына түскен қаражаттың есеп-қисабы түгел. Төтенше жағдай кезінде мұқтаж жандарға алынған заттар мен өзге де шығындардың түбіртегінің барлығы бар, сақталған. Оны қоғамдық қордың ресми сайтынан білуге болады деді министр. Бірақ, «Біргеміздің» сайты әлі іске қосылған жоқ. Интернет ресурс келесі аптада ғана көпшілікке таныстырылмақ.

Елбасы тапсырмасымен құрылған қор қазынасы күннен-күнге молаюда. Бүгінгі күні 6 миллиард теңгеден аса қаражат жиналған. Ол сәйкесінше, сын сағатта қиын жағдайға тап болған жандарға азық-түлік, басқа да тауар ретінде беріледі. Қор өкілдері қайырымдылық көрсетілетін азаматтардың тізімін жасап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.