{metadescription}
АҚШ-тағы жерлесіміз Колорадодағы карантин туралы айтты
АҚШ-тағы жерлесіміз Колорадодағы карантин туралы айтты

АҚШ-тағы жерлесіміз Колорадодағы карантин туралы айтты

АҚШ-та коронавирусты жұқтырғандар 85 мыңға жуықтады. Осылайша АҚШ науқас саны бойынша Қытайдан асып түсті. Соңғы үш тәулікте кеселден 1288 адам көз жұмған. COVID-19 АҚШ-тың барлық 50 штатында тіркеліп отыр. Індет одан әрі таралмас үшін қатаң шектеулер енгізілуде. Колорода штатында білім алып жүрген жерлесіміз Айдана Қайыр карантин 17 сәуірге дейін жалғасатынын айтты. 

Айдана Қайыр:

Колорадо штатында 1500 адамдай тіркелді. Карантин жарияланғанына екі аптадай уақыт болды. Қалада бұрынғыға қарағанда көліктер аз. Басында адамдар дүрліккен. Супермаркеттердегі бүкіл азық-түлікті алып кеткен еді. Менің жолдасымның оқуы онлайн форматқа көшті, қазір онлайн оқып жатыр.

Айдана Қайыр бұл елге жолдасымен бірге оқуға барған. Колорадо штатында отбасымен тұрып жатыр. Тек бір ғана Нью-Йоркте 30 мың науқас анықталып, ауруханалар лық толған. Сондықтан Құрама Штаттарда тұрғындарға далаға шығуға тыйым салып отыр. Оған қоса көршілес мемлекеттерден оқшаулану үшін шекарасын жапты. АҚШ Сенаты тұрғындарға бір реттік жәрдемақы төлеу үшін 2 триллион бөлу туралы заң жобасын қабылдады. Әр адамға 1200 доллардан берілмек. Бұл Америка тарихындағы ең ауқымды көмек. Осылайша мемлекет тек медициналық емес, қаржылай жәрдем көрсетуді жөн санаған. Себебі, эпидемия салдарынан АҚШ-та жұмыссыздар саны артып, 3 миллион 300-ға жетті. Ел президенті Дональд Трамптың айтуынша, індетті жұқтырғандардың күрт көбеюі жаппай тестілеу нәтижесімен байланысты. Аурудың алғашқы белгілерін тегін анықтауға 100 млрд доллар қарастырылған. АҚШ-тың әлемдегі коронавируспен күреске 300 миллион доллар бөлгені белгілі. Тиісті сома жаһанда пандемиядан ең қатты зардап шеккен 64 елге беріледі.

Жалпы дүниежүзі бойынша вирус жұқтырғандар саны 530 мың, ал 24 мыңнан астам адам көз жұмды. Эпидемия жайлаған Еуропада ахуал мәз емес. Бүгін Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді.

Борис Джонсон, Ұлыбританияның премьер-министрі:

Соңғы күндері өкпем қысып, мазам қашқан соң сараптама жасаттым. Бүгін жұқтырғанымды біліп отырмын. Енді оқшауланып емделемін. Үкіметті әрі қарай видеоконференция арқылы басқара беремін. Біз бұл қиындықты бірге жеңеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.