{metadescription}
Карантин: Шектеулер кімге қатысты және кімнің жұмысы тоқталмайды?  
Карантин: Шектеулер кімге қатысты және кімнің жұмысы тоқталмайды?  

Карантин: Шектеулер кімге қатысты және кімнің жұмысы тоқталмайды?  

Карантинге байланысты Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қатынасы тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы ұсыныс коронавируспен күрес штабына түскен. Сондай-ақ наурыздың 30-нан сәуірдің 5-не дейін елорда мен Алматыдағы кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысын тоқтатады. Сонымен, бұл шектеулер кімге қатысты және кімдер жұмысын жалғастыра береді?

Бұған дейін карантинге байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қоғамдық көлік қатынасы кешкі 7-ге дейін қысқартылған еді. Елордадағы №1 автопарк қызметкері, яғни автобус жүргізушісі вирус жұқтырған адаммен байланыста болғаны анықталғандықтан, автопарк жабылып, қызметкерлер оқшауланған.

  • Наурыздың 27-нен бастап қоғамдық көліктердің алдыңғы есігінен кіруге болмайды.
  • Наурыздың 28-нен карантин аумағына енетін елді мекендерге автобустар қатынасын тоқтатады. Бұл шектеу Нұр-Сұлтан қаласы бойынша да күшіне енуі мүмкін.

Бекмырза Игенбердинов, CTS басшысы:

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавируспен күрес штабына карантин мерзімінде қоғамдық көліктердің қатынасын толық тоқтату туралы ұсыныс білдірдік.

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында наурыздың 30-нан сәуірдің 5-не дейін кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды.

Бұл шараның барлығы коронавирустың таралуын шектеуге бағытталған. Ал нақты қай кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыс істемейтіні туралы тізімді әкімдік тарапы алдағы уақытта жариялайды. Тек белгілісі, әкімдік, құқық қорғау және денсаулық сақтау, азық-түлік, дәріхана мен қала тіршілігін қамтамасыз ететін орындардың қызметкерлері аталмыш шектеуге кірмейді.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- 30 наурыздан бастап мекемелердің басым көпшілігі жұмысын тоқтатады. Көшеде полиция қызметкерлері тоқтатып, қайда бара жатқаныңызды сұраса, оған түсіністік танытып, жауап беру керек.

  • Қауіпті кеселді ушықтырмау үшін қоғамдық орындарда үш адамнын артық жиналуға болмайды.
  • Жұмысқа бағыт алғандар мен азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға шыққандардан бөлек бейсауат жүріске рұқсат жоқ.
  • Саябақтар мен серуенге арналған қоғамдық жерлер оқшауланып жатыр. Қазір көптеген орындар қаңырап тұр.
  • Коронавирус жұқтырудың алдын алу мақсатында 65 жастан асқан қазақстандықтардың жүріп-тұруына шекте енгізілді. Оларға қажет тауарлар мен дәрі-дәрмектерді үйлеріне жеткізіп беру қарастырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.