{metadescription}
Коронавирус жұқтырғандар: Қайдан, қашан және қазіргі ахуалы
Коронавирус жұқтырғандар: Қайдан, қашан және қазіргі ахуалы

Коронавирус жұқтырғандар: Қайдан, қашан және қазіргі ахуалы

Елімізде коронавирус жұқтырғындар саны сәт сайын өсуде. Бүгін қауіпті індеті бар өңірлер тізіміне Атырау, Павлодар және Маңғыстау облыстары қосылды. Атырау жақта бірден үш адам сырқатанған. Ал Жамбыл мен Қарағанды облыстарында кеселді жұқтырғандар саны еселене түсті. Сонымен ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 135-ке жетті. Дәрігерлер дертке шалдыққандардың денсаулығы қалыпты деп сендіреді.

Алты құрлыққа ауыз салған індет Атырауға да жетті. Аймақта бір күнде үш адамнан коронавирус анықталды. Науқастың біреуі 21-ші наурыз күні Нұр-Сұлтаннан Атыруға ұшып келген. Ал, екіншісі 17 наурызда Стамбұлдан Алматыға, сосын Атыруға әуе көлігі арқылы жетіпті. Үшінші сырқат екі күн бұрын Амстердамнан келген көрінеді.

Байтолла Ғазизов, Атырау облыстық ДСБ басшысы:

- Үш науқастың да жағдайы қазір қанағаттанарлық. Тиісті хаттамаға сай емдеуге жатқызылып, ем-дом шаралары жасалынып жатыр. Олардың жағдайы тұрақты, бақылауда.

Қарағандыда қауіпті кеселді анасы мен қызы жұқтырған.

Айта кететін жағдай, 18-ші наурызда әуежайға Минскіден Нұр-Сұлтанға келуі тиіс ұшақ мәжбүрлі түрде қондырылған. Себебі, борттағы екі жолаушыдан вирсутың белгілері анықталған. Шешесі мен қызы сол ұшақтың жолаушылары. Бұлар күні бүгінге дейін карантинде болған. Алғашқы тексеріс екеуі дін-аман деп көрсеткенімен, кейінгісінен кесел шығып отыр.

Ержан Нұрлыбаев, Қарағанды облыстық ДСБ басшысы:

- Бұлар Франциядан Қарағандыға 18-ші наурыз күні келген. Ұшақтан түскен бойда карантиндік госпитальға оқшауланған. Олардың сыртқы өмірмен еш байланысы болған жоқ. Қазір екеуінің денсаулығы қалыпты. Өңірде 300 адам бақылауда, тағы 350 тұрғын үйінде карантинде жатыр

Павлодар облысында бірінші дерек тіркелді. 32 жастағы азамат коронавируспен ауырған Нұр-Сұлтанның тұрғынымен байланыста болғаны айтылды. Демек, кеселді содан жұқтыруы ықтимал. Қазір ол бақылауға алынды. Ал, дәрігерлер науқастың жағдайы қалыпты дейді. Сондай-ақ Маңыстау облысында бір адамның осы індетке шалдыққаны анықталды. Осылайша елімізде қаупті вирус жұқтырғандар саны 135-ке жетті.   

Жамбыл облысында тағы екі адамның індет жұқтырғанын айта кетейік. Екеуі де Қордай ауданының тұрғындары. Бірі – ер, екіншісі – әйел адам. Екеуі де жуырда қырғыз елінде болып келген. Сондықтан сол жақтан сырқаттануы мүмкін деген күдік бар. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Және олармен қарым-қатынаста болғандар түгел бақылауда дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде