{metadescription}
Сарапшылар: Коронавирус тоқтамаса, әлем дағдарысқа ұшырайды
Сарапшылар: Коронавирус тоқтамаса, әлем дағдарысқа ұшырайды

Сарапшылар: Коронавирус тоқтамаса, әлем дағдарысқа ұшырайды

Теңгеде құн қалмады, мұнай пұл болмайды. Бүгін әлемдік нарықта қара алтын тағы арзандады. Азия биржасында шикізат баррелі 20 долларға дейін түсіп кетті. Қара алтынның бұлайша құнсыздануы соңғы 18 жылда болған емес. Өйткені коронавирус індеті әлемдік өнеркәсіп пен зауыттардың жұмысын тұралатып тастаған. Сондықтан жанармайға деген сұраныс жоқ. Есесіне доллар қымбаттап барады. Бірақ соның өзін сатып алу мүмкін емес.

«Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады». Қазір әлем елдеріндегі жағдайды осы бір ауыз сөзге сыйғызуға болатын сияқты. Өйткені алты құрлыққа ауыз салған аурумен қатар, қара алтын құны да күн санап құлдырап барады. Бүгін Азия биржасында мұнайдың баррелі 20 долларға дейін төмендеді. Мұндай арзан мұнай соңғы рет 18 жыл бұрын сатылыпты. Сарапшылар коронавирустың таралуы тоқтамаса, бүкіл әлем дағдарысқа ұшырайды дейді. Өйткені індеттің кесірінен қазір ірі зауыттар мен өндіріс ошақтары жабылып, жаһанда жанармайға деген сұраныс азайған.

Әкімжан Арупов, қаржы сарапшысы:

- Мұнай бағасы ең төменгі шегіне жетті деуге әлі ерте. Себебі, Солтүстік Америкадағы мұнай өндіруші компаниялар шикізатты өзіндік құнынан төмен бағаға сата бастады. Өйткені қара алтынға сұраныс жоқ. Көптеген мемлекеттердің қоймалары қара майға толып тұр. Ал мұнай компаниялары баға арзан болса да, өндірісті тоқтатқысы келмейді. Өйткені жұмыс орындары жабылып, банкрот болып қалуы мүмкін.

Сапасы жақсы мұнайдың өзі өтпей жатқанда, қазақстандық қара алтын тіпті арзандап кетті. Біздегі шикізат юралс маркасы бойынша сатылады. Бағасы бренттен 2-3 долларға арзан. Сондықтан болар бүгін доллар бағамы да шарықтап шыға келді. АҚШ ақшасы 455 теңге төңірегінде сатылып жатыр. Бірақ оның өзін сатып алу мүмкін емес. Өйткені елорда мен Алматыдағы ақша айырбастау бөлімшелері жабық тұр.

Аршын Ғалымбаев, Қазақстан ақша айырбастаушылар қауымдастығының президенті:

- Жедел штабтың шешімімен Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы ақша айырбастау бөлімшелері 30-шы наурыз бен 5-ші сәуір аралығында жұмыс істемейді. Банктер мен жеке бөлімшелер де жабық. Өйткені коронавирустың таралуына байланысты жедел штаб пен Ұлттық банк осындай шешім қабылдады. Ал өзге облыстардағы ақша айырбастау бөлімшелері жұмыс істеп тұр.

«Мұнайдың қазіргі бағасына сай, доллар 480 теңге төңірегінде болуы тиіс», - дейді сарапшылар. Алайда АҚШ ақшасының аспандап кетпеуіне карантин себеп сияқты. Өйткені үйде жатқан азаматтар ақша айырбастауға барып жатқан жоқ. Мәселен, өткен аптада шетел валютасына деген сұраныс 50 пайызға азайыпты. 6-ші сәуірден бастап жаппай жұмыс басталса, доллардың тағы қымбаттайтын түрі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде