{metadescription}
Қызылорда облысының экс-әкімі үй қамағында отыр
Қызылорда облысының экс-әкімі үй қамағында отыр

Қызылорда облысының экс-әкімі үй қамағында отыр

Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовтың қамауға алынғаны ақыры расталды! Ақпарат негізі өткен аптада шыққан болатын. Алайда 52 жастағы шенеунік абақтыда емес, үй қамағында отыр.

Талант Тілеп, Қызылорда қаласы мамандандырылған тергеу сотының судьясы:

- Күдікті Ысқақов ҚР ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағымен күдікті деп танылды. 190-бап деген алаяқтық қылмыс боп саналады. Екі ай мерзімге үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Үйде болады. Дәрігерлердің көмегін шақыртуға, тек қана сол құқық қорғау органының рұқсатымен  жүргізіледі.

Үйінің сыртына күзет қойылған. Атқамінер аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Ақпарат төрт күн бұрын шыққан кезде Қуанышбек Ысқақовпен бірге тағы үш адам тұтқындалды деген. Яғни, ең жақын көмекшісі мен туысқаны және тағы бір кәсіпкер. Мәліметке қарағанда, әкім халықтың Арыс тұрғындарына жинап берген ақшасын жеп қойған. Атап айтқанда, қайырымдылық қорда жатқан 80 миллион теңгені түрлі фирмалар арқылы қалтаға басқан көрінеді. Алайда әкімнің ұсталғанын енді ғана растаған ресми орган алаяқтықтың қалай іске асқаны туралы жақ ашқан жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.