Қоршауға алынды! Дәл сол жерден коронавирус жұқтырған
Кеулеп жатқан коронавирус кесірінен елімізде оқшауланған орындардың саны артуда. Нұр-Сұлтан мен Алматының карантинге жабылғаны былай тұрсын, қала ішіндегі біраз ғимараттар да қоршауға алынып жатыр. Өйткені дәл сол нысандардан коронавирус жұқтырғандар табылған.
Автор: Салтанат Шырынхан
30.03.2020
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустың 3 ошағы анықталды. Оның 1-еуі жатақхана, сондай-ақ, «Мейірім» медициналық орталығы мен ұлттық ғылыми онкологиялық орталық. Қазір вирус жұқтырғандармен байланыста болғандардың барлығы карантинге жатқызылып, жұмысы тоқтатылды. Арасында медицина қызметкерлері де бар. Енді олар жарты ай бойы сыртқа шыға алмайды.
Алматыдағы жағдай да мәз емес. Көптеген тұрғын үй қоршауға алынып жатыр. Бұған дейін сovid-19-бен ауырған науқастар жазылып шығып, 7 тұрғын үйден шектеу алынып тасталған. Бірақ тағы 7 ғимарат жаңадан оқшауланды. Сөйтіп мегаполистегі індет ошақтарының жалпы саны 24 болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!