Коронавирус жұқтырған аяғы ауыр келіншек сұхбат берді
Коронавирус жұқтырған аяғы ауыр келіншек біздің тілшілерімізге сұхбат берді. Алматы облысының тұрғыны Тоғжан Айтбай қазір жағдайының жақсы екенін жеткізді. Шамамен бір апта бұрын АҚШ-тан ұшып келген жерлесімізде қауіпті індет екінші қайтара тексергенде ғана анықталған.
Автор: Ербол Тұрымбет
30.03.2020
Тоғжан Айтбай:
- Біз 25-і күні Мәскеудн ұшып келдік. Негізі, біз АҚШ-тан шықтық. Алматыға ұшып келдік. Сол кезде бізден бірінші тест алды. Ұшып келген бойда барлық жолаушылардың бәрінен алды. Сол ауруханаға барып тест алды, 24 сағат жаттық. Біздің тестіміз теріс болып шықты. Нәтижесін білетін күні ешқандай жөтел де, тамағым ауырғаны да болған жоқ. Оның бәрі қайтып кетті.
Оғаш хабарды естігенде әуелде қатты абыржыған Тоғжан қазір өзін қалыпты сезінеді. Ол Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Бала көтергеніне төрт ай болған. Дәрігерлердің бақылауында жатқан ол тек ағзасының иммунитетін көтеретін дәрі қабылдап жатыр екен. Айтуынша, өзінің де, іштегі баласының да денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ. Тек карантинде жатқандықтан, оның жағдайын бақылап тұруға гинеколог-маман кіре алмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!