Коронавирустан өлгендерді жерлейтін полигон дайын
Алматыда қауіпті індеттен көз жұмғандарды жерлейтін арнайы полигон әзір. Жерлеу алгортимі де дайын, бірақ құжат толық бекітілмеген. Бұл туралы Алматының бас санитар дәрігері мәлімдеді.
Автор: Әсем Қабылбек
30.03.2020
Айзат Молдағасымова, Алматы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:
- Алматыдағы арнайы полигон қаланың сыртында орналасқан. Оның маңайында ешқандай елді мекен жоқ. Яғни, оқшау жерде. Қауіпсіздік талаптары барынша сақталған.
Айзат Молдағасымованың сөзінше, барлық талап қатаң сақталады. Жерлеу алгоритміне сәйкес, моланың жарты метріне дейін дезинфекциялық дәрілер себіледі. Сондай-ақ, жерлеу рәсіміне қатысатын адам саны шектеулі болмақ. «Мәйітті тасымалдайтын көлік те толықтай залалсыздандырылады», - дейді Алматының бас санитар дәрігері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!