{metadescription}
Коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге берілетін үстемақы
Коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге берілетін үстемақы

Коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге берілетін үстемақы

Коронавируспен күресіп нағыз қауіп өтінде жүрген дәрігерлерге үстеме ақы беріледі. Оны президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тапсырған болатын. Бүгін соған байланысты премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Үстеме төлем коронавирус жұқтыру қаупі жоғары саналатын үш топқа үш айға есептелген.

«Қауіптілігі аса жоғары» саналатын бірінші санатқа: реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері кіреді. Олардың жалақысына ай сайын ең төменгі 20 жалақы мөлшері, яғни, 850 мың теңге қосылады.

«Қауіптілігі жоғары» саналатын екінші санатта: провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері қосымша 425 мың теңге алады.

«Қауіптілігі орташа» санатында: карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдем жүргізушілері және басқаларға 212 500 теңге үстеме ақы беріледі. 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Медициналық қызметкер коронавирустық инфекциямен ауырған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетін бір реттік әлеуметтік төлем көлемі 2 млн теңгені, ал көз жұмған жағдайда 10 млн теңгені құрайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде