Коронавирус: Сегіз науқастың жағдайы ауыр
Елімізде коронавирус жұқтырғандар сәт санап көбейіп барады. Соңғы мәлімет бойынша, олардың саны 302-ге жетіп отыр.
30.03.2020
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, 8 науқастың жағдайы ауыр. Тағы 30 адамның денсаулығы орташа ауыр деп бағалануда. Қалғандарының жағдайы қалыпты. Осыған дейін вирустан 21 науқас айығып шыққан болатын. Ал, бір отандасымыз індеттің құрбаны болды.
Вируспен тіркелгендердің көшін Нұр-Сұлтан қаласы бастап тұр. Мұнда әлем халқына қауіп төндірген індетті жұқтырған 168 адам анықталған. Ал Алматыдағы науқас саны – 73. Еліміздің өзге өңірлерінде де індетке шалдыққандарға қатысты статистика тәулік сайын өсуде.
Қазір Атырауда 12, Ақмола облысында 9 адам Covid-19-бен күресіп жатыр. Алматы обсылында 8 адам тіркелген. Ал Қарағанды облысындағы науқастардың саны бүгін 13-ке жетті. Тағы 5 науқас Қызылордада, үшеуі Жамбылда анықталды. Шымкент, Ақтөбе, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында екі адамнан, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстанда бір-бір науқастан коронавирустан емделіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!