Коронавирус кезіндегі шектеу ауаны тазартты
Кесірдің қайыры ма? Еуропа қалаларындағы ауа коронавирус кезіндегі шектеудің салдарынан тазарған.
Автор: Асқарбек Қазанғап
31.03.2020
Жаһандық пандемияға байланысты қабылданған шешім көлік пен адам қозғалысын тоқтатты. Нәтижесі көп күттірмеді. Мәселен, Брюссель, Париж, Мадрид, Милан мен Франкфурт қалаларындағы атмосферада азоттың диоксиді азайған. Мамандар бұны бірінші кезекте автожолдағы қарбаластың жоғалуымен байланыстырады. Мұндай өзгеріс Қытай шаһарларында да бар. Экологтар әлемді дүрліктірген дерттен айыққан соң, ауаны тазарту үшін осындай шектеулерді арагідік қолдану керек деген пікірде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
11 ақпан
Серіктестер жаңалықтары