{metadescription}
Патрульге шыққан «полковник» пен «подполковникке» қылмыстық іс қозғалды
Патрульге шыққан «полковник» пен «подполковникке» қылмыстық іс қозғалды

Патрульге шыққан «полковник» пен «подполковникке» қылмыстық іс қозғалды

Көкшетау көшесіне кешқұрым патрульге шені дардай полковник пен подполковник шыққан. Мұны көрген жұрт оны қазіргі төтенше жағдайдың маңыздылығымен байланыстырды. Сөйтсе полицей формасын киген екеудің ішкі істер органдарына мүлдем қатысы жоқ болып шықты.

Карантин режимін өздері сақтамай, қолғапсыз, бетпердесіз жүрген шенді полицейлерді көрген қырағы тұрғындар 102-ге шағымданып хабар берген. Патрульде полковниктердің жүрмейтінін білген тәртіп сақшылары жасы 35-тегі көкшетаулық азамат пен 34 жастағы келіншекті бөлімшеге алып келді. Иықтарында жұлдызы жарқыраған погон тағып, су жаңа полицей формасын киген олардың қолында тіпті пневматикалық тапанша болыпты. Патрульді ұйымдастырған азамат келіншекті «полицияға жұмысқа орналастырамын» деп ауылдан алып келген екен. Сол қызметі үшін қыздың әкесінен 400 мың теңге алған. Кейіннен «полковниктің» жүйке аурулары диспансерінде арнайы есепте тұрғаны белгілі болды. Ал бірден «подполковник» болып шыға келген келіншек оған «сеніп қалдым» деп отыр.

Гүлнар Пинчук, Ақмола облыстық ПД  баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Қазір бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар өз бетінше мемлекеттік жауапты лауазымдағы қызметкердің шенін пайдаланбақ болған. Полицей формасы да, тапанша да тәркіленді. «Сеніп қалдым» деген әйел де бұл әрекеті үшін жауап береді. Олар тергеуге келуге міндеттеліп, үйіне жіберілді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде