Сақтандыру: Әр қазақстандық шілдеге дейін медициналық көмек ала алады
Кез келген Қазақстан азаматы өзінің әлеуметтік немесе медициналық сақтандыру мәртебесіне қарамастан, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті ала алады. Президенттің кешегі тапсырмасынан соң осындай өзгеріс енгізілді.
Автор: Ербол Тұрымбет
01.04.2020
Бұның алдында 1-ші сәуірге дейін сақтандырылмаған екі жарым миллиондай азамат сол жүйелерге тіркелуі тиіс деген едік. Яғни, тегін медициналық көмек алуға қорға қажетті соманы төлеуі керек болған. Сөйтіп міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бүгіннен бастап іске қосылуы керек-тін. Алайда елдегі жағдайға байланысты, мерзім шілдеге дейін ұзартылды. Енді шілдеге дейін кез келген қазақстандық шартты түрде сақтандырылған болып есептеледі. Бүгіннен бастап барлық азамат медициналық ақпараттық жүйелер немесе мессенджерлер арқылы өзінің мәртебесін тексеріп біле алады.
Айбатыр Жұмағұлов, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы:
- Бұл шамамен 2,5 миллионнан астам азаматты қолдау жүйесі. Жалпы экономикалық жағдайға байланысты ол әлі де көбеюі мүмкін. Бұл бағытта жалпы қор тарапынан 20 миллиардтан астам қаражат қарастырылды. Ол қордың ішкі резервтерінен қолданылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!