{metadescription}
0:000:00
Мемлекетіміздің бұрын-соңды болмаған қолдаулары қандай

Мемлекетіміздің бұрын-соңды болмаған қолдаулары қандай

Табысынан айырылғандарға беріліп жатқан жәрдемақыны қара жұмысшылар да алатын болды. 42 мың 500 теңгені алу үшін бұл санаттағы адамдарға бірыңғай жинақталған төлемді төлесе жеткілікті. Сондай-ақ, зейнеткерлер мен мүгедектер, көпбалалылардың жәрдемақысы өседі. Төтенше жағдай кезінде үкімет бизнесі шатқаяқтап тұрғандарға да көмектеспек. Бұрын-соңды болмаған мемлекеттің қолдаулары қандай?

Бір ай бұрын ғана табысы тасыған біздегі компаниялар қазір тақырға отырудың сәл-ақ алдында. Әсіресе карантиндегі қос астананың кәсіпкерлеріне қиын соғып тұр. Бизнестегілер қайта-қайта үндеу жасап, мемлекетке жанайқайын жеткізбекші болды. Ел билігі оған құлақ түргендей.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алып отырмыз. Әкімдіктер жергілікті кәсіпорындардың өнімін кем дегенде алты ай бойы кепілді сатып алу тәртібін жолға қоюы керек. Шағын және орта бизнес өкілдерін биылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатуды тапсырамын.

Дегенмен кәсіпкерлерге мемлекеттің бұндай қамқорлығы жеткіліксіз. Күдерін де үзбейді. Мәселен, елордадағы клинингтік компанияға кейінге қалдырылған несие үстемақысын карантиннен кейін бірден төлеу ауыр. Себебі, қазір дезинфекциялау заттары қымбат, жұмысшыларды тасымалдау қиын. Бір сөзбен айтқанда, компания коронавирустан қып-қызыл шығынға батып отыр.

Әсет Бигалиев, жеке кәсіпкер:

- Менің ойымша, несие пайызын жою керек. Төтенше жағдай өтіп, несиені төлей бастаған кезде ол сома бірден емес, бірнеше айға созылу керек, салмақ түсірмейтіндей. Карантин басталғалы бері көптеген материалдар қымбаттай бастады. Тек бір аптаның ішінде адамдарымызды жеткізуге 250 мың теңгедей қаражат керек. Пайда көрмейміз, қиын жағдайға тап  болдық.

Кәсібі тұралап тұрған кәсіпкерлердің көлеңкесінде ауыл шаруашылығының бас-қасында жүргендер қалып қойды. Президент пәрмен берді, шаруаларға да қолдау болады. Бюджеттен 70 миллиард теңге қаржы бөлінбек. Егін салатын уақыт та таяп қалды. Егіс науқанына 100 миллиард теңге беріледі. Шарықтап тұрған дизель отынының құны да арзандайды. Бас қалада қазір бұл жанармайдың қысқы түрі 270, жазғысы 200 теңгеден саудаланып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Үкіметке жанармайдың нарықтық бағасын он бес пайызға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендету міндеті жүктелді. Осыны қамтамасыз етуге 390 мың тонна жанармай жеңілдікпен сатылады.  

Енді зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек алып жүргендер әлеуметтік төлемді 10 пайызға артық алады. Ал жыр болған 42 500 теңгені алатындардың қатарына жалданып жұмыс істейтіндер, өз-өзін қамтып жүргендер қосылды. Тек олар бірыңғай жиынтық төлем төлеуі қажет.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Бейресми істеп жүрген азаматтарға шешімі, 2651 теңге қалалық тұрғындарға және 1325 теңге ауылдағы тұрғындарға, осыны бір рет төлесеңіз, 42500 теңгені аласыз. Мобильдік қолданбалар бар, сол арқылы бірыңғай жиынтық төлемді төлеуге болады немесе смс арқылы. Тефоннан смс-ті 5505 нөмірге аударасыздар.

Бүгінгі күні елімізде 12 мыңдай адам 42500 теңгені алуға  өтініш берген. Алғашқы орында Нұр-Сұлтан қаласы тұр. 3885 адамнан өтініш түскен. Әзірге 3575 алматылық та жәрдемақыға ниетті. Ал қауіпті вирус тіркелмеген Қостанай облысының тұрғындары үштікті түйіндейді – 1772 адам өтініш қалдырған.

Қысылтаяң уақытта электронды үкіметтің 1414 нөмірі дұрыс істемей тұр. Сондықтан Еңбек министрлігі бөлек сайт пен телеграмм желісінде арнайы бот ашпақ. Тағы бір айтып өтерлігі, ресми орган тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатарын көбейтпек. Сөйтіп тегін азық-түлік 800 мыңнан астам адамға беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде