{metadescription}
Қарағанды облысындағы блок-бекеттер азан-қазан болды
Қарағанды облысындағы блок-бекеттер азан-қазан болды

Қарағанды облысындағы блок-бекеттер азан-қазан болды

Карантин жарияланған Қарағанды облысында 5 қалаға кіруге шектеу қойылды. Соның салдарынан жабылған блок-бекеттер таңертең азан-қазан болды. Өйткені бекеттен жұмыс бабымен өтуі тиіс тұлғаларды жергілікті билік ортақ базаға енгізіп үлгермеген.   

- Кіріп-шығу толық жабылған, кіргізбей жатыр, тіпті анықтамаң болса да, егер сен әкімдіктің базасында болмасаң, әрине.  

Қарағанды сыртындағы блок-бекеттерде кептеліс. Себебі, әр көліктегілердің құжатын тексеру уақыт алады. Полицейлер әрқайсының жеке сәйкестендіру нөмірін базаға енгізіп, рұқсаты бар жоғын қарайды. Бекеттен өте алмағандар – сол тізімде жоқтар. Осындай жағдай Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай қалаларына кіріп шығатын жолдарда да болды. Қолында жұмыс орнына анықтама болғанымен, ортақ базаға кірмегендер бекеттен өте алмады. Әкімдіктегілер алдағы уақытта бұл олқылықты түзеп, тізімді толықтыратынын мәлімдеді. Ал бүгінше жүздеген адам жұмыс орнына жете алмады. . 

Нұрлан Мұзғожин:

- Жаңа келдім, мінеки, өткізе ме деп. Жұмыс орнына анықтама берген. Кеше теледидардан айтқан: жұмысқа баратын, жібереді деп. Енді жұмысқа барайық десек, жібермей жатыр. Теледидарда бір нәрсені айтады, ал мына жерде басқаша. Енді жұмысқа қалай барамын?!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде