{metadescription}
Қазақстанға Қытайдан алғашқы гуманитарлық жүк келді
Қазақстанға Қытайдан алғашқы гуманитарлық жүк келді

Қазақстанға Қытайдан алғашқы гуманитарлық жүк келді

Қазақстанға Қытайдан алғашқы гуманитарлық көмек жетті. Коронавирустан қорғануға сеп болар құрылғылар мен заттар бүгін таңертең Алматы әуежайына түсірілді.

Мяо Хумбо, Қытайдың Қазақстандағы бас консулының орынбасары:

- Қытай үкіметі тарапынан жіберіліп отырған алғашқы гуманитарлық жүк. Бүгін коронавирусты анықтайтын тесттер, қолғап, көзілдіріктер мен арнайы медициналық халаттар әкелінді. Бұл соңғы көмегіміз емес деп ойлаймын. Өйткені Қазақстан тарапы үнемі біздің мемлекетке де  қиын сәттерде қол ұшын созып келеді.

Қысылтаяң кезеңде медициналық жабдықтар мен заттар аса қажет. Елде тапшылықтың қырқасы көрінбегенмен, мұндай көмек ақ халаттылардың ауыр жұмысын жеңілдетуге өз септігін тигізері сөзсіз. Алматыға таңда қонған ұшақтағы гуманитарлық жүктің жалпы салмағы жарты тонна. 65 қорапқа тиелген заттар енді елдің түкпір түкпіріне жолданады. Осыған дейін Түркия мен Жапония да де бізге  гуманитарлық көмегін жолдаған.

Шолпан Әділбекова, «СК-Фармация» ЖШС өкілі:

- Ішінде коронавирустан қорғайтын нуклеин қышқылы бар диагностикалық жиынтықтар бар. Бір реттік комбинезондар. Барлығы қай медициналық ұйымдарға қажетті мөлшерде керек, сол бойынша таратылады. Бүкіл елге.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде