Шетелден қайтқан жолаушылар Оралда қаңғып қалған
Тығырыққа тірелді! Төтенше жағдайға байланысты шетелден Алматыға қайтпақ болған жолаушылар бөтен қалада қалып қойдық деп шағымдануда. Айтуларынша, Германиядан келе жатқан оларды мамандар Орал қаласында ұшақтан түсіріп, карантинге жатқызған. Енді екі келіншек бұл шаһарда барар жер, басар тауы жоқтығын айтуда. Олар барлық жауапты орындарға хабарласқанымен, бір мардымды жауап ала алмапты.
Автор: Салтанат Шырынхан
02.04.2020
Бұлардың бөтен қалаға қамалғанына жарты айға жуықтаған. 14 күн оқшауда болған олардан ешқандай ауру белгісі анықталмапты. Ал арнайы орталықтың қызметкерлері адам санының көптігіне байланысты мекемені босатуын талап еткен көрінеді. Содан шу шығарып, уақытша жатақханаға әзер дегенде қол жеткізіпті. Алайда мұнда не дұрыс жағдай, не ыстық тамақ жоқ. Еуропада жұмыс бабымен болған олар елге қайтар билетті билетті 300 мың теңгеден сатып алған. Осылайша соңғы тиынын санап бердік деген отандастарымыз басқа амалы қалмағанын айтып отыр.
- Орал қаласын мүлдем білмейміз. Баратын жеріміз жоқ. Ең болмаса, милиция шақырыңыздар, бізді қамауға алсын дегеннен кейін ғана бізге жататын жер тауып беріп, осы орталыққа орналастырды. СЭС ұшақтан түсіріп алған бізді, солай бізді қайтарсын. Үйге қайтуымыз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!