{metadescription}
Несиелік берешекті қалай шегертеміз? Онлайн өтініш беру тәртібі  
Несиелік берешекті қалай шегертеміз? Онлайн өтініш беру тәртібі  

Несиелік берешекті қалай шегертеміз? Онлайн өтініш беру тәртібі  

Несиелік берешекті қалай шегертуге болады? Ұлттық банк кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға онлайн өтініш беру тәртібін түсіндірді. Электронды өтінішті маусымның 15-іне дейін кез келген жұмыс күнінде білдіру керек. 

Вирус тұтастай экономиканы алқымынан алды. Бірталай азамат жұмыссыз қалып, көптеген кәсіпкер кірістен айырылып, шаш етек шығынға батқан. Сондықтан әлеуметтік осал топтар мен кәсіпкерлер банк немесе басқа да қаржылық ұйымдар алдындағы қарызын өтеу мерзімін үш айға шегере алады. Ол үшін өтінішті ешбір құжатсыз, онлайн жіберу керек. Сәйкесінше, айлық төлемді кейінге қалдыру, я қалдырмау туралы шешім 10 күнге дейінгі мерзімде қабылданады. Егер жеке тұлға әлеуметтік осал топқа жатпаса, онда ол өзінің неліктен несиесін төлеуге қауқарсыз екенін жазбаша түрде түсіндіруі тиіс. Бүгінде 12 мыңнан астам қазақстандықтың және 3 мыңнан астам кәсіпкердің берешегін өтеу мерзімі кейінге шегерілді. Әрі бұл шара азаматтардың несиелік тарихына еш әсер етпейді. 

Нұржан Бидайбек, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі департамент басшысының орынбасары:

- Қарыз алушының өтініші еркін нысанда жасалатындығын, кредиттік ұйымның электрондық поштасы, банк, клиент, онлайн жүйесі, интернет ресурсы, мобильдік қосымша, басқа да байланыс құралдары арқылы қашықтан жіберілетіндігін ерекше атап өткеніміз жөн.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде