{metadescription}
0:000:00
Бюджет кірісінің азаюына мұнайдан басқа тағы бір себеп бар

Бюджет кірісінің азаюына мұнайдан басқа тағы бір себеп бар

Үкімет бюджетті мұнай бағасын 20 долларға, ал доллар курсын 440 теңгеге есептеп қайта жасап жатыр. Ұлттық қордан келетін трансферттерді қоспағанда, биылғы бюджет 1 триллион 700 миллиард теңге кірістен қағылайын деп тұр.

Мұнай бағасының арзандауынан бөлек, бюджет кірісінің азаюына тағы бір себеп бар. Өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы сынды салалар бойынша экспорт түсімі 16 миллиард доллардан астам қаржыға кеміген. Оның үстіне президент тапсырмасымен шағын және орта кәсіпкерлікке біраз салық жеңілдіктері жасалды. Ол жалпы саны 700 мың салық төлеушіні қамтиды. Республикалық бюджеттің жыртығын жамау үшін жыл сайын Ұлттық қордан кепілді түрде 2 триллион 700 миллиард теңге қаражат бөлінетін. Енді сол траншты 4 триллион 770 миллиард теңгеге дейін ұлғайту ұсынылып отыр. Себебі, кірістің төмендеуімен қатар, шығын көп. Әлеуметтік төлемдер, яғни зейнетақы мен жәрдемақыларды индексациялауға Үкімет 315 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінбек. Эпидемияға қарсы Үкімет осыған дейін 23 жарым миллиард теңге ақша бөлген еді. Енді тағы 125 миллиард қарастырып отыр.

Берік Шолпанқұлов, ҚР Қаржы вице-министрі:

- Ол қаржы дәрігерлерді ынталандыруға, науқастарды емдеуге, Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкентте медициналық модульдік кешендер салуға, ішкі істер және әскери қызметкерлерге сыйақы беруге, сондай-ақ, сот-медициналық сараптамаларды үздіксіз жүргізуге жұмсалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.