{metadescription}
0:000:00
20 мың адам карантинге алынды

20 мың адам карантинге алынды

Алматы іргесіндегі «Асыл арман» тұрғын үй кешені толықтай карантинге жабылды. Қарасай ауданынан қарасты аумақта 22 мың тұрғын бар. Мұндағы екі адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. Осыған байланысты «асыл армандықтарға» сыртқа шығуға тыйым салынып отыр. Карантин 14 күнге созылмақ.

«Асыл арман» тұрғын үй кешені. 22 мың халқы бар кешен тұтастай оқшауланды. Тұрғындардың бірі коронавирусқа қатысты карантиндік шектеулер бір апта бұрын басталғанын айтады. Ол кезде індет ошағы ғана қоршалған екен.

Бағлан Келгенбаев, «Асыл арман» кешенінің тұрғыны:

- Бізде 28 наурыз күні Covid-19 вирусын жұқтырған адамның табылуына байланысты тұрғын үй кешендерінің бірін карантинге жабуды жөн көрді. Көріп тұрғандарыңыздай, подъездің алды жабық. Адамдардың кіріп-шығуына тыйым салынған. Алдында құқық қорғау органдарының барлығы қарастырылып кірген адамды, азық-түлікті жеткізіп барлығы қағадаланып отыр.

Індет «Асыл армандағы» тоғыз қабаттан тұратын №12 үйден табылған. Коронавирус жұқтырған  екі науқас Қарасай ауданында емделуде. Соныдықтан тұрғындар далаға мүлдем шықпайды. Тәртіп сақшылары бөгде адамды бұл маңға жолатпай, тәулік бойы күзетіп тұр.

Жүрсінгүл Бұралқинова, «Асыл арман» кешенінің тұрғыны:

- Азық-түлік жағын айтатын болсақ, ватсапқа жазып жіберсең, азық-түлікті әкеп беріп жатыр. Дәрі-дәрмекті де. Рақмет, ол жағын бәрі дұрыс жасалған. Дегенмен елдер ары-бері жүруді тоқтатты.

Кешен аумағында коммерциялық 70 нысан бар. Соның біразы жұмысын тоқтатқан. Кейбір тұрғындар сақтық шараларын қатаң ұстап, тәртіпке бағынып жүр.

- Екі күнде бір рет шығамыз. Су алуға шығамыз. Бәрі бар. 

Тұрғындардың айтуынша, азық-түлік қоры жеткілікті. Бірақ кейбір тағамдардың бағасы қымбаттаған. Ал қазір дүкендерге бетпердесіз кіру мұң. Дәріханада сатылатын медициналық бетперде қалмаған.

Гүлмира Жақанқызы, «Асыл арман» кешенінің тұрғыны:

- Бүгін енді шығып едім, бес дәріхана бар ма, біреуі де жұмыс істемейді. Жалғыз бір дәріхана істеп тұр, соның өзінде бетперде жоқ. Онсыз дүкенге кіргізбейді.

Бүгін Алматы-Бішкек тас жолының бойында темір қоршау орнатылып, толық жабылды. Биік қоршаудан секіріп өту мүмкін емес. Осылайша 18 гектар аумақтағы қайнаған тіршілік бір сәтке саябырсымақ. Алматы облыстық әкімдігі қазір індеттің таралып кетпеуіне ден қоюда.

Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

- 21 үй, 22 мың халық тұрады. Оларға жүріп-тұруына кешеннің аумағынан шығуға рұқсат берілмейді және бөгде адамдар кіргізілмейді. Облыс әкімінің тапсырмасына сай, дезинфекциялық жұмыс ол жерде күшейтілді. Карантин 14 күнге жалғасады.

Қақпа алдында дене қызуын өлшейтін дәрігерлер мен полицейлер кезекшілік атқарады. Дезинфекциялық жұмыстар тоқтамайды.

Алматы облыстық әкімдігінің мәліметінше, қазір «Асыл арман» кешенінде тұратын екі мың адам Алматы қаласында жүр. Себебі, мұндағы жұрттың 90 пайызы қалаға қатынап жұмыс істейді. Олар 14 күндік карантин аяқталғанша шаһар аумағынан шықпайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде