{metadescription}
0:000:00
Онлайн оқыту мен қашықтан оқытудың айырмасы жер мен көктей

Онлайн оқыту мен қашықтан оқытудың айырмасы жер мен көктей

Үш күннен соң басталатын төртінші тоқсанға қалада тұратын оқушылар әлі дайын емес. Бірі ғаламтордан ада, енді бірінде техникалық мүмкіндік жоқ. Ал кейбірі жарықсыз қалып, тұрмыс жағдайының қиындығынан қашықтан оқымауы мүмкін. Білім беруге арналған интернет бағдарламаларға оқушылардың көңілі толмайды. Бірақ әлеуметті әбден әлекке салып жүйкесін жұқартқан қашықтан оқыту кейінге шегерілмейді.

Алтыншы сыныптағы Анастасия қашықтан білім беру жүйесіне тас-түйін дайын. Интернеті үздіксіз жұмыс істеген соң, онлайн-платформаларда тапсырмалар орындап, оны да бір сүзгіден өткізді. Десек те, ақтаулық жасөспірімнің айтуынша, Zoom және Google-класс бағдарламалары түсініксіз, машақаты көп.  

Анастасия Гончарова, оқушы (Ақтау):

- Бұл Zoom бағдарламасын пайдаланған кезде өз-өзінен тоқтап, кейде микрофоны өшіп қалады. Ұстаздарымыз осы аптада қосымшаны сынайтындарын, егер қандай да бір ақаулық болса, жеке-жеке сабақты түсіндіретінін айтты. Гугл класс қосымшасын пайдалану өте ыңғайсыз. Әр пәнге кіру үшін код керек.

Zoom қосымшасы микрофонының істемей, камерасының бір орында қатуына тек Анастасия ғана емес, басқалар да бас қатыруда. Бір мезетте 50 адам кіре алатын ғаламдық тегін платформа біздегі бір сыныптың 32 баласына ырық бермей тұр.

Алматыда тұратын Мөлдір Тастемірованың аталмыш бағдарламалардан мүлдем хабары жоқ. Мектепке баратын үш баласы әлі қашықтан оқып көрген де емес. Әзірге кітапты ғана серік етіп жүр. Мегаполистің кішкентай адамдары қыстан бері жарықсыз күн кешуде.

Мөлдір Тастемірова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Мен оқыта алмаймын. «Онлайнға кір» дейді, қалай кіргіземін, жарық болмаса? Мектеп директоры да, оның орынбасары да келіп, күніге есігімізді қағады. Жетісудің әкімдігіне хат жазыпты, жауап жоқ дейді. Мен хабарласып отырмын, күн сайын телефонда.

Үш күннен кейін төртінші тоқсанды бастауы тиіс оқушылар осындай шарасыз күйде. Ал Білім министрлігі қазір өзге балалардың қамын ойлаумен әлек. Компьютері жоқтарға компьютер беріп, ғаламтормен қамтуға роутерлер таратыпты. Еліміздің бас ұстазы онлайн қосымшалар емес, министрлік ұсынған бағдарламаларды қолдану керек дейді.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Онлайн өткізу мәселесін, біріншіден, міндеттемеу керек. Екіншіден, жалпы қолдану мәселесін тоқтату керек деп ойлаймын. Сондықтан онлайннан гөрі, мен айтқан платформалар арқылы жұмыс істеу. Бізде Дарын онлайн, күнделік арнайы платформалар бар. Қазір жетілдіріп, дайындап қойдық.

Білім министрінің айтуынша, ел арасында айтылып жүрген онлайн оқыту мен қашықтан оқыту жүйесінің айырмашылығы жер мен көктей. Сондықтан ара-жігін ажыратып алған жөн деген пікірде. Ал небәрі 35 күнге жалғасатын жаңа тоқсанда үш миллиондай оқушы қашықтан білім алады. Ал олардың оқу үлгерімін, мектептің білім деңгейін тексеру уақытша тоқтатылмақ, Мұғалімдерден ешқандай да есептер талап етілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде